Қаржы • 15 Сәуір, 2024

ЕАДБ базалық мөлшерлеме төмендейді деп болжайды

51 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптада реттеуші бұл көрсеткішті 14,75 пайыз деңгейінде ұстап, су тасқыны салдарымен байланысты мәселелер шешілмейінше төмендетпейтінін айтқан еді. Ал апта басында Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) сарапшылары орта мерзімді перспективада Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ЕАДБ базалық мөлшерлеме төмендейді деп болжайды

«Экономикадағы инфляциялық қысым күшті ішкі сұраныс пен тұрақты инфляциялық күтулердің әсерінен жалғасып жатыр. Орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляциялық мақсатқа қол жеткізу үшін қалыпты қатаң монетарлық шарттарды сақтай отырып, базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетеді деп күтеміз», деп атап өтті ЕАДБ апталық шолуында сарапшылар.

Желтоқсан айындағы болжам 2024 жылдың соңында базалық мөлшерлеме 10% деңгейінде болуы мүмкін деп болжады. Ішкі тұтынушылық сұраныстың инфляциялық қысымы әлсірегеннен кейін оның 2025 жылдың соңына қарай 7–8%-ға дейін төмендеуі мүмкін. ЕАДБ сарапшылары 2023 жылдың екінші жартысынан бастап базалық мөлшерлемені төмендету циклінің басталуы олардың күткенімен сәйкес келгенін айтады (көрсеткіш 2023 жылдың қарашасында төмендей бастады, оған дейін ол 2021 жылдың қарашасынан бастап өсті). Сонымен қатар олардың 2023 жылдың соңына 15,75% болжамы нақты мәнмен сәйкес келді. Ақпан айының соңында реттеуші базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға дейін төмендетті.

Сәуірдің ортасында Ұлттық банк бағаны бұрынғы деңгейде сақтап қалды. Реттеушінің басшысы Тимур Сүлейменов су тасқыны мәселесі шешілмейінше Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартпайтынын айтты.

«Біз өзіміздің ақша-несие саясатымызбен осы шешімдерді ұстанамыз, яғни олардан озбаймыз, локомотивтен озбаймыз. Бұл жағдай белгілі болған кезде бұл үзіліс қанша уақытқа созылатыны белгілі болады. Әзірге жағдайды қадағалау қажет деп есептейміз», деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақша-несие саясатының келесі отырысы 2024 жылдың 31 мамырында өтеді.

Бұған дейін сарапшылар (AERC) Ұлттық банктің жыл басынан бастап базалық мөлшерлемені мерзімінен бұрын төмендетуі наурыз айының соңына қарай жылдық инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Бірақ ол жылдық мәнде 9,3%-дан 9,1%-ға, айлық көрсеткіште 1,1%-дан 0,7%-ға дейін баяулады. Ұлттық банк 2024 жылға арналған орташа жылдық инфляцияны 7,5-9,5% шегінде болжайды.

Біз осыған дейін 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі базалық мөлшерлеменің өзгеруі инфляцияға аз әсер етті деген едік.  Несиелер құнының өсуі компаниялар мен үй шаруашылықтарының депозиттерін, сондай-ақ мемлекеттік қарыздарды долларсыздандыруды ынталандырды, бірақ қарыз алушылардың сұранысын салқындата алмады.

Қазақстанның ЕАЭО-дағы негізгі сауда әріптесі - Ресейде (республиканың одақ елдерімен сыртқы сауда айналымында, Ресей Федерациясымен саудасы 90%-дан асады) негізгі мөлшерлеме екінші жартыжылдықтан ерте емес төмендетіледі. ЕАДБ сарапшылары 2024 ж. Ресейде наурызда жылдық инфляция 7,7 пайызды құрады. Банктің шолуы инфляцияның артуы күшті іскерлік және тұтынушылық белсенділіктің жалғасуымен және инфляциялық күтулердің баяу төмендеуімен байланысты екенін атап өтеді.