Аймақтар • 15 Сәуір, 2024

Сенбілік шарапаты

38 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Апта соңында жетісулықтар тырма мен күрегін көтеріп, сенбілікке шығады. Бұл игілікті іске облыс әкімі, қала мен аудан басшылары да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан», «Таза қала Талдықорған» экологиялық акциясы аясында тұрғындар ыждағат­тылықпен тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сенбілік шарапаты

Тәлімі терең бабала­рымыздың «Бір тал кес­сең, он тал ек», «Ағаш­ты жердің ырысы мол» деп бекер айтпағаны анық. Мәселен, облыс орталығында осы көктемде 1 мың ағаш көшеті, ал күзде 5 мың ағаш көшеті отырғызылған. Мамыр айынан бастап 50 мың түп гүл егуді жоспарлап отыр. Сон­д­ай-ақ қазір шаһар тазалығын 800 жұ­­мыс­шысы бар 8 кәсіпорын мойнына алып отыр. Бұған қоса қала тұрғындары да, ерік­­тілер және әр саланың жетекші маман­дары да белсене қатысып жатыр. Осы ап­таның өзінде 200 дана ағаш көшеті көк­тесе, көгалдандыру жұмыстарына 100-ден аса адам мен 5 бірлік техника күші жұмыл­дырылған.

«Экологиялық акция 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы бар. Бүгін акция аясында 200 түп ағаш отырғызылып, 22 шақырым арық желісі қоқыс­тан тазартылды. 20 сәуір күні «Тал­дықорған пе­троглифтер әлемі ас­танасы», «Тасбақа тас» атты қайы­рымдылық этнофестиваль, сен­білік өткізіледі. Тұрғындар да қарап қалған жоқ, бәрі бір атаның балаларындай қаланы қоқыстан арылтып жатыр», дейді дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Оның айтуынша, әр апта сайы­н та­биғатқа баса көңіл бөлініп, бел­гілі бір тақырыппен тазалық іс-шарасы өтеді. Мә­селен, бірінші аптада «Таза өлке» тақы­рыбында тұрғындар мен мекеме қызмет­кер­лері өз аула-жайын тазартқан. Одан кейін «Киелі мекен» апталығы өткен. Онда қала аума­ғындағы та­ри­хи-мәдени ескерт­­кіштердің маңайына абаттандырылды. Ал «Жа­­сыл аймақ» апта­­лығында негізінен кө­шет егіледі. Жас­тарға арналған «Өне­гелі ұр­пақ» апталығы кезінде ар­да­­гер­лер мен Қарттар үйінің ау­ла­сын жинап, көмек­тесу көз­делген. Соңғысы – «Мөл­дір бұлақ» ап­та­лығы. Бұл бағытта өзен-көл­дер­­дің жағасын ретке келтіріп, та­зар­тады.

Жол жиектеріне ағаш кө­шет­терін отырғызуға қала тұр­ғындарынан бөлек «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ар­да­гер­лері мен қалалық салық басқар­ма­сының қызметкерлері де атсалысты. Астана және Балапанов көшесіне жи­налған жұрт қолына кетпен-күрегін ұстап, ағаш отыр­ғызуға кірісті. Айналаны жасыл желекке ораған, жол бойы­ның сәнін келтірген ағаштар әсем бейнесімен көз тартады. Акция аясында арық желілерін тазалау, ағаш отыр­ғызу, сенбілік өткізу, қарт­тарға жәр­демдесу, өзен жа­ғалауын тазар­ту, ағаштарды санитарлық кесу және де гүл егу жұ­мыстары қарас­тырылған.

«Талдықорғанды гүлдендіруге зейнеткерлер де келді. Себебі қа­ланың тазалығына бәріміз жа­уап­тымыз. Дана халқымыз «Атаң­нан мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтпаған. Біз қа­ланы көр­кейту жұмысына атсалысып, бо­ла­шаққа із қалдыруымыз керек. Қала­мыздың көркейгені бәрімізге тиімді», дейді зейнеткер Ағайша Шәкенова.

Аталған іс-шара шеңберінде ауыл-аймақтар әжептәуір күл-қо­қыстан таз­арып қалды. Мәселен, бір аптада Тал­ды­қорғанның өзінен қоқып жатқан, ретсіз шашылған 300 тоннадан аса зат шығарылған. Қала ішіндегі бірнеше шақырымды құрайтын арықтар аршылған.

Осы орайда жұмыстарының қарба­ластығына қарамастан Тал­дықорған қала­лық көпсалалы ауру­­хана қызмет­керлері де қала та­за­лығына өз үлесін қосты. Олар ауру­хана аумағын, күре жол­дар­дың бойын, ағаш араларын лас қал­дықтардан тазартып, жұрттың ықыласына бөленді.

«Жетісу жерінде су басу қаупі жоқ. Ел іші тыныш, сондықтан бүгінде табиғи апат болған ай­мақтарға шама-шар­қынша гумани­тарлық көмек көрсетіп жа­тырмыз. Бұған қоса жиі-жиі тазалық акция­лары өтіп жатыр. Бұл – ең алдымен ел бірлігін сақ­тай отырып, туған жерімізді таза ұстауға тәрбиелейтін ру­хани күш. Дәрігерлер де жұ­мыстың ты­ғыз­дығына қарамай, тұрғындармен қа­тар аула тазалап жатыр», дейді Көк­су аудан­дық ор­талық ауруха­на­сының директоры Жан­нұр Сырымов.

Жергілікті жұрт акцияның барлық қатысушысының іс-әре­кеттерін үйлестіру үшін аудандық және ауылдық деңгейде қоғамдық штабтар құрған. Бұл жұмыс Көксу ауданында жүйелі жүргізіліп жатыр. Орталық алаңда тазалық жұмыстарына ден қойып, Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасын талапқа сай атқарып келеді. Осы аптада мыңнан аса аудан тұрғыны белсене қатысқан. 26 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 150 текше метрге жуық қоқыс шығарылған.

 

Жетісу облысы