Қоғам • 18 Сәуір, 2024

«Полиция қызметкері» хабарласқанда не айтуға болмайды?

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтарына өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған адамдармен сөйлескенде «иә» немесе «жоқ» деген сөздерді қолданбауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полиция қызметкері» хабарласқанда не айтуға болмайды?

Фото: ашық дереккөз

Полицейлердің айтуынша, алаяқтардың қитұрқы іс-әрекеттері күн санап белең алып барады.

«Құрметті азаматтар, егер алаяқтар сізге телефон соғып, өздерін басқарманың қызметкері ретінде таныстырса, «иә» немесе «жоқ» деген сөз тіркестерін айтпаңыз, өйткені бұл сөздер биометрия үшін пайдаланылуы мүмкін.

Есіңізде болсын: егер нақты департамент қызметкерлері сізбен байланысқа шықса, олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе куәлік беру үшін сізді жақын жердегі полиция бөлімшесіне шақырады», делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың суретін жариялаған едік. Тәртіп сақшылары ешқашан WhatsApp арқылы, әсіресе шетелдік абоненттік нөмірлерден қоңырау шалмайды.