Білім • 19 Сәуір, 2024

Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram мессенджерінде Астана мектептерінде жаппай терроризм ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады

Фото: inform.kz

Басқарма ата-аналарды дүрбелеңге салынбауға шақырды. 

«Мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Құзырлы органдар білім беру ұйымдарын тексерді», деді қалалық ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Данияр Шымырқұлов.

Мамандар тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрап, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.