Ауа райы • 19 Сәуір, 2024

Жаз айларында өрт қаупі жоғары болады - Қазгидромет

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ұзақмерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаз айларында өрт қаупі жоғары болады - Қазгидромет

фото: gov.kz

«2024 жылғы мамыр мен жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдауды ескере отырып, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады», деді Исабекова «Қазгидрометте» өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өрт қаупіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжамдармен нақтыланады.

«Жоғары және төтенше өрт қаупі төнген жағдайда дауылды ескертулер жарияланады», дейді Ж.Исабекова.