Оқиға • 20 Сәуір, 2024

«Мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр». Хабарлама тексерілді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда қала тұрғыны мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген хабарлама таратқан. Желідегі жазбаны полиция басқармасы тексерді, деп жазады Egemen.kz

«Мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр». Хабарлама тексерілді

Фото: ТЖМ

WhatsApр чаттарда 27 жастағы азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарламасы тараған.

Полиция хабарламаның шындыққа жанаспайтынын анықтады.

«Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды», делінген Петропавл қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.