Оқиға • 22 Сәуір, 2024

Ақтау тұрғыны балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам әйеліне бас салып, күш көрсетті. Бұл сәтте олардың балалары да қасында болған, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау тұрғыны балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен

Фото: Lada.kz

Lada.kz хабарлағандай, оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда әйелдің айқайлағаны мен балалардың жылаған дауысы қатар естіледі.

Видеода ер адам әйелінің қолын бұрап, күштеп аузын жауып тұрғанын көруге болады.

Қастарына адам келгенде ол күш көрсетуін тоқтатқан сыңай танытқан. Кейін әрекетін қайта жалғастырған.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті видеоға қатысты түсініктеме беріп, ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлады.