Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Құлсары көшелерінен 887 мың текше метр су сорылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Құлсары қаласын басқан қызыл сумен күресу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құлсары көшелерінен 887 мың текше метр су сорылды

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Құлсары қаласындағы тасқын суды сору жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Тасқыннан кейін моноқаладағы суды сорып алу үшін қосымша күштер жұмылды. Оның құрамында Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысындағы 20982 әскери бөлімінің, Маңғыстау, Алматы және Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары бар.

«Қазір Құлсары қаласындағы суды соруға 7 тіркеме, 21 мотопомпа, 1 ПНС-200, 1 СНП-500, 3 ПНС-110 және 1 АР-2 құрылғылары мен 54 вакуум тартылды. Оның ішінде «Суперсакер» 3 вакуумы да бар. Осы уақытқа дейін шаһардан 887 мың 219 текше метр су сорылды», деп хабарлады облыстық жедел штаб өкілдері.