Экология • 23 Сәуір, 2024

Жезқазған бір жаңарып қалды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген кезекті сенбілік Жезқазған қаласын қысқы қоқыстан жақсылап бір тазартып тастады.

Жезқазған бір жаңарып қалды

Бір сүйсінерлігі, туған қаланың тазалығы үшін меншік түріне қарамастан қаланың барлық мекемелері атсалысты. Тоғыз мыңнан аса адам қатысты, 130 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қаланың  500 гектар жері тазартылды.

Сенбілікке шыққан көпшіліктің арасында қала әкімі Қайрат Шайжанов та жүрді.

«Әрине, ұйымшылдық танытқан барша тұрғындарға алғыс айтамын. Дегенмен, қоқысты тазалағаннан гөрі оны көшеге шашпаған, кез келген жерге тастамаған әлдеқайда маңызды. Мен көпшілікті осыған шақырамын», деді Қайрат Абдоллаұлы.

Биыл қала мәртебесін иеленгеніне 70 жыл толатын Жезқазған қаласында абаттандыру, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары барынша белсенділікпен жүргізілмек.

 

Жезқазған қаласы