Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Қазақстанда 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның тұрғын үй құрылысы саласындағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

«Соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, шамамен 78,5 миллион м2 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 2030 жылға қарай тағы 111 миллион шаршы метрді салу жоспарланып отыр. Мақсатымыз - 1 миллионнан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету», деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Шарлапаевтың айтуынша, Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылы тұрғын үйді пайдалануға берудің көлемі 15,5 миллион шаршы метрден 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті