Аймақтар • 23 Сәуір, 2024

Атырау облысында Жайық өзенінің жайылмасына су шықты

1833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін Махамбет ауданындағы 17 учаскеге қарғын су шыққан.

Атырау облысында Жайық өзенінің жайылмасына су шықты

Фото: naryntany.kz

Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұрын Жайық өзенінің жайылмасына 9 мамырға дейін су келмейтін болған.

«Алайда, биыл қарғын судың жайылмаға әдеттегіден екі апта бұрын шыққаны тіркелді. Қазір Жайық өзенінен Төлеп-Қарасу, Қоржын, Алмағамбет, Өлішығанақ, Гагушкин, Қызылжар, 15-ауыл, 13-ауыл, Петрушкин, 12-ауыл, 9-ауыл, Қарашығанақ, Кіші Қарашығанақ, 8-ауыл, Бақсай, Глухой және Сборный жайылмасына қарғын су шықты», деп хабарлады облыстық штабтан.  

Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың мәліметіне сүйенсек, жеке иеліктегі мал үшін 17 қауіпсіз аумақ белгіленген.

«Біздің ауданда 50 мыңға жуық мал бар. Қауіпті аумақтарда көктемгі егіс жұмыстарымен айналысатын 46 шаруа қожалығының басшыларына алдын ала ескерту берілді. Қазір қауіпсіз жерлерге 4 мыңнан астам мал айдалды. Қауіпсіз аумақтардың маршруты мен картасы ауылдық округ әкімдері, аудандық жер қатынастары бөлімі және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп әзірленді» деп хабарлады Олжас Мырзабаев.