Оқиға • 28 Сәуір, 2024

СҚО-да полицейді қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полицейді қағып кетті. Оқиғаға кінәлі жүргізуші бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да полицейді қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Фото: obvk.kz

Жол-көлік оқиғасынан Ішкі істер министрлігінің қызметкері  қайтыс болған.

«28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.  Қылмыстық іс қозғалды», делінген СҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомоство оқиға полицейдің қызмет уақытынан тыс кезде болғанын мәлімдеді.