Қоғам • 29 Сәуір, 2024

Ресей түрмелерінде отырған қазақтарды соғысқа әкетіп жатқаны рас па?

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел азаматтары Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан туыстарына алаңдап Бас прокуратураға жиі жүгіне бастаған. Олар көрші ел түрмесінде соғысқа үгіттеу шаралары өткізіліп жатқанын айтып, жақындарын Қазақстанға ауыстыруды сұраған. ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Аймек Смадияр бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей түрмелерінде отырған қазақтарды соғысқа әкетіп жатқаны рас па?

Фото: atameken.kz

Бүгін ОКҚ алаңында өткен апталық брифингте Айбек Смадияр мұндай фактілердің саны онға жетпейтінін айтты. Сондай-ақ көрші мемлекетте жазасын өтеп жатқандардың басым бөлігі нашақорлық бабы бойынша айыпталған.

Заң бойынша азаматтар қай елде жүріп тәртіп бұзса, сол елдің заңына сай жазалануы керек. 

«Бұл азаматтар заңсыз жұмысты Telegram-арналардан немесе әлеуметтік желіден тапқан. Олар қайда баратынын, қандай іспен айналысу керек екенін білді. Біздің консулдар олармен байланыс орнатқан, бірнеше рет кездесу өткізген. Ресей түрмесінде отырған Қазақстанның бір де бір азаматы соғысқа аттанған жоқ. Мұны 100 пайыз растай аламыз. Адам қай елде заң бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Жаза белгіленіп, түрмеге ауысқан соң прокуратура іске кірісіп, біздің елде жазасын өтеуге ғана ауыстыра алады. Біздің сотпен оларды соттай алмаймыз. Әлеуметтік желілерде жұмыс ұсынып жатса, мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырамыз», деп жауап берді Айбек Смадияров .