Мирас • 30 Сәуір, 2024

Қарсақбайдағы Қаныш музейі

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы 1926–1941 жылдары Қарсақбайда тұрып, жұмыс істегені баршаға мәлім. Қарсақбай кезеңінде Қанекең отбасы тұрған кезде үйдің бір жағында орналасса, екінші жағында Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылған стационарлық барлау мекемесі жұмыс істепті. Қарсақбайлықтар 1941 жылы 21 маусымда ғалымды Алматыға құрметпен шығарып салған.

Қарсақбайдағы Қаныш музейі

Суреттерде: 1.Мәкен Иманова. 2.Қ.Сәтбаев музей-үйінің мең­геру­ші­сі Ахмедия Жұмабаев Амангелді Има­­нов­­тың қызы Мәкен Иманованы музей­де қарсы алып тұр. 1969 жыл. 11 сәуір.

Қаныш Сәтбаев Алматыға қоныс аударған соң бұл үйде мектептің қара­па­йым мұғалімі Ахмедия Жұмабаев деген кісі тұрыпты.

Академиктің Қарсақбайдағы Му­зей-үйінің ашылуына бар ынта-жі­ге­рін жұмсаған осы – Ахмедия Жұ­ма­баев. Ол 1905 жылы Жамбыл облысы, Бай­қадам ауылында дүниеге келген. 1928-1932 жылдары Абай атын­дағы мемлекеттік педагогикалық және мұғалімдер институтында жоғары білім алған. 1960 жылы Қарсақ­байдағы №1 орта мектепке химия, биология пәнінің мұғалімі болып орналасқан. 1978 жылы өмірден өткен.

рр

Ол Баянауылға, Алматыға, Томскіге арнайы барып, ғалымға қатысты жәді­герлерді жинақтайды. Сөйтіп, 1969 жылғы 11 сәуірде Қарсақбайда Қаныш Сәтбаевтың музейі ашылады. Бұл елі­міздегі Қанекеңе арналған алғаш­қы музей еді. А.Жұмабаев музей ашыл­­ғаннан бастап өмірінің соңына дейін меңгеруші, қор сақтаушы ,күзетші, бағ­бан әрі экскурсовод қызметтерін бір өзі атқарған.

Музейдің ашылу салтанатына Ұлт-азат­тық көтерілісінің батыры Аман­гел­ді Имановтың қызы Мәкен Иманова құр­мет­ті қонақ ретінде шақырылған екен.

Биыл ұйымдастырылғанына 55 жыл толған музейде елімізге танымал көптеген тұлға қонақ болған, «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңбаларын қал­дыр­ған. Қазақ өндірісінің қарашаңырағы Қар­сақбайға жолы түскендердің еш­қай­сысы да Қанекеңнің табанының ізі қал­ған Музей-үйіне соқпай кетпейді.

 

Ұлытау облысы,

Қарсақбай кенті