Аймақтар • 30 Сәуір, 2024

ШҚО-да жер үйге қасқыр кіріп, адамдарға шапты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 сәуірде Алтай ауданы Быково ауылындағы жер үйге қасқыр кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Алтай ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

ШҚО-да жер үйге қасқыр кіріп, адамдарға шапты

Фото: freepik.com

Үй иесі қасқырды қуып жібермек болды, бірақ жануар үй аумағында жүрген адам мен екі итті қауып үлгерді. 

Кейінірек ауыл тұрғындары өз бетінше жиналып, қасқырды іздеп тауып, көзін жойды. Десе де қауіпті аңнан сескенген Нижний Быково шағын ауданының 10 оқушысы қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

«Жергілікті атқарушы органдар, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дереу әрекет етті. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында ауыр зардап шеккендер жоқ, малға да зиян келмеген. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр тістеп алған тұрғын мен иттерден сынақтар алынып, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жүр», деп атап өтті әкімдік өкілдері.