Оқиға • 30 Сәуір, 2024

«Кеңседе әйелді зорлаған». Бұрынғы полиция басшысы 12 жылға сотталуы мүмкін

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік айыптаушы зорлау фактісі бойынша айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеңседе әйелді зорлаған». Бұрынғы полиция басшысы 12 жылға сотталуы мүмкін

Фото: zhetysu.gov.kz

Сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

2024 жылдың ақпан айында Талдықорған қалалық ІІБ-нің бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді. Сот отырыстары жабық есік жағдайында өтті. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы (Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау) бойынша қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер бөліміне қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен талдықорғандық әйел жеткізілген.