Білім • 03 Мамыр, 2024

«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды

27 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты IV халықаралық бейне-материалдар байқауының жеңімпаздары жарияланды.

«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Биылғы байқау Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған тау тұлғалы академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналды.

Халықаралық байқауды өткізу идеясының авторы және жетекшісі – белгілі тележурналист әрі ғалым, профессор Ұлбосын Мейірбекқызы Есенбекова.

Байқау қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан академик Қаныш Сәтбаевтың қайраткерлігін көрсету, ғылыми еңбектерін насихаттауды мақсат еткен еді.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар әлемдік саясаттағы өзгерістерге, сондай-ақ Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қазақ ғылымын дамытуға қосқан үлесіне қатысты ақпараттық-танымдық бейне материалдар ұсынды.

Қатарынан сегізінші рет өткізіліп отырған халықаралық байқауға отандық 8 университетінен және Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия мен Біріккен Араб Әмірлігі сияқты 11 елдің студенттері мен магистранттарынан, докторанттарынан 100-ге жуық жұмыстар келіп түскен.

Білім

Байқауды Ұйымдастыру комиссиясы Гран-при жүлдесімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Әли Әлішер Сәулетұлы марапатталды. Сондай-ақ Columbia University студентінің «Columbia. Қазақ әні» деп аталатын жұмысы байқаудың тағы бір үздігі деп танылды.

Жүлделі орындардан басқа Үздік идея, Үздік режиссура бойынша, Күлтегін, Абай, Сағат Әшімбаев, Шерхзан Мұртаза атындағы номинациялар бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халықаралық байқаудың жылдан жылға мәртебесі мен ауқымы өсіп келе жатқанын марапаттау рәсімінде Еуразия Ұлттық университетінің басшылары, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы тілге тиек етті.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн және оффлайн форматтарда өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, белгілі тележурналистер мен медиа менеджерлер, телевизия саласының ардагерлері қатысты.