Аймақтар • 04 Мамыр, 2024

Алматы орталығында құбыр жарылып, көшелерді су басты (видео)

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында құбырлар жарылып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы орталығында құбыр жарылып, көшелерді су басты (видео)

Фото: Рlumbingparamedics.ca

Бұл туралы ақпарат Kris_p_almaty Telegram-арнасында пайда болды. «Алматы жылу желілері» ЖШС оқиғаны растап отыр.

Салдарынан екі көше жолын су басып, асфальт опырылды.

«Масаншы-Сәтпаев-Марков-Құрманғазы көшелерінде орналасқан үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Құбыр 1988 жылдан бері жұмыс істеп тұрған, оны қайта жаңарту жұмыстары 2025 жылға жоспарланған еді», делінген хабарламада.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)