Аймақтар • 04 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күнделікті өмірде айтып келмейтін, болжап болмайтын жағдайлардан туындайтын келеңсіз  ахуалдардың бетін қайтару үшін жалаңқолмен ештеңе де істей алмайсың. Арнаулы қызмет саласын тиісті техника, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету - өте маңызды.

Төтеншеліктерге тарту

Облыс құрылғалы бері бұл саланың қажеті үшін жаңадан 20 техника алынған болса, енді міне, олардың қатарына тағы 13 техника қосылды. Олардың қатарында арнайы жабдықталған «Газель» көлігі, жол талғамайтын көліктер мен қайықтар бар. Іс-шара барысында, сондай-ақ адамдарды 20 метр биіктіктен аман алып қалуға қауқарлы құтқару құрылғысы, дала өрттерін сөндіруге арналған  рюкзак бүріккіштер де таныстырылды.

Қазіргі кезде Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Биыл Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде де осындай деполар құрылысы басталады. Бұл туралы техникаларды тапсыру салтанатында облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы мәлімдеді.

Облыс басшысы Төтенше жағдай жөніндегі қызмет саласына басқа да тиісті көмек, қолдау көрсетіле беретінін айтып, оларға биылғы су тасқыны кезіндегі жанқиярлық еңбектері үшін халық алғысын жеткізді.

 

 

Ұлытау облысы