Аймақтар • 05 Мамыр, 2024

Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асты

1573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі тәулік сайын көтеріліп жатыр. Осыған байланысты 22 эвакуациялық пункт дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асты

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Облыстық жедел штаб өкілдері мәлімдегендей, Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кеткен.

2024 жылғы 5 мамырда тіркелген мәлімет:

  •  Индербор ауылы: + 4 см, су деңгейі - 856 см, қауіпті деңгей - 845 см;
  •  Махамбет ауылы: + 2 см, су деңгейі - 848 см, қауіпті деңгей - 850 с м;
  •  Атырау қаласы: + 1 см, су деңгейі - 490 см, қауіпті деңгей - 550 см.
  •  Жаңаталап ауылы: + 1 см, су деңгейі - 350 см, қауіпті деңгей - 500 см;
  • Еркінқала: + 1 см, су деңгейі - 310 см, қауіпті деңгей - 450 см.

«Махамбет ауданында елді мекендерді су басқан жағдайда 24 автобус, жеңіл автомобильдер мен газель бөлінді. Қосымша ұйымдар қызметкерлерінің және эвакуацияланатын халықтың жеке көлігі іске қосылады. Қозғалыс схемасын жаяу ұйымдастыру үшін қозғалыс маршруттары анықталды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.