Бокс • 10 Мамыр, 2024

Олимпиадаға қатысатын ел боксшылары «Elorda Cup» турнирінде бақ сынайды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-18 мамыр аралығында ерлер мен әйелдер арасында Elorda Cup ІІІ халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға қатысатын ел боксшылары «Elorda Cup» турнирінде бақ сынайды

Фото: olympic.kz

Халықаралық турнирге Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов т.б. боксшылар да қатысады.

Elorda Cup ІІІ былғары қолғапшылар бәсекесіне әлемнің 9 елінен келген спортшылар шеберлік байқасады.

Турнир 13-18 мамыр аралығында күн сайын 12:00-де басталады. Жанкүйерлер сайысты «Beeline arena» спорт кешеніне барып тамашалай алады.  Elorda Cup ІІІ бокс бәсекесінен Qazsport телеарнасы тікелей трансляция ұсынады.