Аймақтар • 10 Мамыр, 2024

Қостанайлық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 мамыр Қостанай облысының Мичурино кентінде макулатурасы бар қойма аумағында өрт болды. Облыстың өрт сөндірушілері өрт аумағынан 5 тұрмыстық газ баллонын алып шықты, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайлық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Фото: ТЖМ

Осылайша, мамандар ықтимал жарылыстың алдын алды.  Қызыл жалын 1400 шаршы метр алаңды шарпыды.

«Өртті сөндіру барысында құтқарушылардың әрқайсысы 50 литр көлеміндегі 5 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Сағат 15:56-да өрт оқшауланып, 16:12-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.