Медицина • 20 Қаңтар, 2017

Шетелдіктер қазақтар туралы не дейді?

8201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иоган Шильтбергер, көне бавар жауын­гері: Ұлы Татарияда (қазақ даласы) бол­дым. Олар нан жеп, шарап іш­пейді, оның есесіне бие мен түйе сү­­тін ішеді. Кең жа­йылымда өздерінің бар байлығын артып алып, қатын-бала, мал-мүлкімен көшіп-қо­нып жү­реді. Олар өз хандарын ақ киіз­ге отырғызып, үш рет жоғары көтереді. Жорық кезіндегі азапты тауқыметке сондай көнбіс.

Шетелдіктер қазақтар туралы не дейді?

Петр Паллас, саяхатшы неміс ға­лымы: Қазақтар қан төгуге құштар емес, біреуді өлтіргеннен гөрі, тұтқынға алғанды тәуір көреді. Адал қызмет еткен құлға қайырымды…

* * *

Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым: 1806 жылдың күзі мен жазында Ер­тістің жоғары ағысын бой­­лап, төменгі Зайсан нұр көліне де­йін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түр­кі тілін білетіндігім Орта жүз қа­зақтарымен сөйлесуіме септігін ти­­гізді. Кейінрек басқа екі жүздің қа­зақтарымен кездескенімде, олардың диа­лектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді.
* * *

 Адольф Янушкевич, поляк зерт­­теушісі: …Қазақтың ойлау қабі­ле­ті­нің кереметтігіне барған сайын кө­зім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті, балаларының ақылы ерте толысады. …Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Де­мосфон мен Цицерон туралы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес.

Деректер интернет  дереккөздерінен алынды