«Абай» журналына – 100 жыл

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Абай» журналының жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отыр. 20 ғасырдың басында жарық көріп, қазақ сахарасында өзіндік рөл атқарған «Қазақ», «Айқап», «Дала уәлаяты», «Сарыарқа» сияқты басылымдар туралы зерттеулер жасалып, алды кітап болып шыққаны мәлім. Ал «Абай» журналы туралы зерттеулер жоқтың қасы. Тек 1992 жылдан қайта жарық көре бастаған аттас журнал бетінен өткен тарихты бажайлай аласыз. 

Егемен Қазақстан
24.07.2018 2157
2

Ағартушылық бағытты ұстаған «Абай» журналының алғашқы саны 1918 жылдың 4 ақпанында Алаш (қазіргі Семей) қаласында «Ярдам» баспасынан жарық көрді. Алғашқы саны 900 данамен шығып, шамамен 16-21 беттен тұратын төте жазумен жазылған. Журналдың алғашқы редакторы, қазақтың көркем ойында орны бөлек, сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов болатын. Алайда журнал­дың негізін қалаушы Мұхтар Әуезов еді. Қос кемеңгер әр мақаланың соңына «Екеу» деп қол қойып отырған. Белгілі жазушы К.Оразалин өз естеліктерінде «Семейде семинарияда оқып жүрген Мұхтар 1917 жылдың жазында елге келіп, Абай атында журнал шығармақ ойы барын айтып, соған материал жинайды. Журналды Семейде асқан бай Үкібайдың Қара­жаны қаржыландырмақ екен. Қыс түсе Мұхаң сол байға Жүсіпбек Аймауытовты ертіп апарып, өзінің отбасы жағдайымен елге жүргелі отырғанын айтып, «Абай» журналын шығаруға мына жігіт бас-көз болады, маған қалай сенсеңіз, бұған да солай сеніңіз деген» деп еске алады. Журналдың әр санында жазушының бір-екі шығармасы, қазақ өміріне қатысты материалдары үзбей жарияланып тұрған. «Ғылым», «Философия жайлы», «Жапония», «Қазақ әйелі», «Бірінші жалпы жас­тар сиезі», тағы басқа сан алуан тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар журналда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Мәннан Тұрғанбаев, Смағұл Сәдуақасов, Халел Досмұхамедовтің өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі басылып тұрды. Журналдың алғашқы саны Абайдың шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, кейіннен әлеумет, саясат, экономика сияқты қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аудара бастаған.

Журналдың «Абай» аталу себебі неде? 1914 жылы Абайдың өмірден озғанына он жыл толуына орай қазақ зиялылары жаңа басылым шығаруды жоспарлаған екен. Бірақ әртүрлі себептермен кейінге қалдырылып отырған. Ең басты себебі 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыс болса керек. Журналдың бірінші санында шығарушы Жүсіпбек Аймауытов «Журнал туралы» деген бас мақала­сын жариялап: «Журналдың атын «Абай» қойған соң әдеби жолын ғана тұтыну керек еді дер біреу. Оған айтатынымыз: Абай жалғыз ғана ақын (литератор) болды деуге болмайды. Әдебиетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап тексерген де Абай. Қазақтың тұрмысын, өмірін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. Солай болған соң журналды Абайға арнағандық, Абайды қай жөннен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар шәкірт болып, соңынан жүруге талаптанғандығын көрсетеді», деген екен. Журнал бар-жоғы 9 ай ғана шығып, 12 саны оқырман қолына тиген. Кеңестік идеология «ұлтшыл» деген айдар тағып, журналдың шығуына тыйым салады. Аз уақыт ішінде оқырман көзайымына айналған журнал қазақ өмірінің, тыныс-тіршілігінің небір өзекті мәселелерін қозғаған. Жөнсіз жаламен жабылып қалған «Абай» журналы араға 74 жыл салып 1992 жылы еліміз егемендік алған соң қайта жарық көрді. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына дайындық ерте, 5 жыл бұрын басталды. Әр облыс өз бағдарламасын ұсынып, тойға қызу дайындық басталып кетеді. Сол кезде «Семей таңы» газетінің редакторы, жазушы Р.Мусин әріптестерімен ақылдасып, «Абай» журналын еске алып, соны қайта жаңғыртса деген ой салады. Журналды қайта жаңғырту бастамасын көтерген «Семей таңы» газетінің ардагерлері екенін жұрт­шылықтың білгені абзал. Қайта дүниеге келген журналдың бас редакторы танымал жазушы Рысхан Мусин еді. Егемендіктің алғашқы жылдары ауыр болғаны мәлім. Тіптен журналға қайта жабылып қалу қаупі төнгені де рас. Әйтсе де 1994 жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семейге келген сапары журналдың тағдырын түбегейлі шешіп кетті. Президенттің нұсқауымен журналға республикалық мәртебе беріліп, республикалық бюджетке алынды. Оған дейін журналдың шығуына көмек көрсеткен іскерлер тобы мен Семей зиялы қауымы екенін айта кеткен абзал. Зиялы қауым өкілдері екі жарым жыл бойы тегін мақала жазып, тіптен Ресей мұрағатынан тың деректерді өз қаражатымен барып алып келіп тұрды. Абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың жазған мақалалары журналдың абырой-беделін арттыра түсіп, үлкен сұранысқа ие болды. Автордың Абай ілімі туралы жазған мақалаларын оқырмандар асыға күтетін. Қ.Мұха­мед­ханов ұзақ жылдар «Абай» журналы редколлегиясының құрметті төрағасы болды. «Семей таңы» газе­тіндегі журналистер қауымы да журнал­дың аяғынан тік тұрып кетуіне атсалысты. Ардагер журналистер Р.Мұса­ұлы, Ғ.Сапаев, Т.Ибрагимов, М.Ибраев, Қ.Мұхамедханов есімдерін құр­метпен еске аламыз. Бүгінде «Абай» журналы – республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби көркем журнал. «Әуезов әлемінен», «Түбі бір түркіміз», «Жаһан әдебие­тінің жауһарлары», «Шәкәрім шалқа­ры­нан», тағы басқа айдарлар аясында кесек дү­ниелер жарық көріп жатады. Редак­торы – журналист, ақын, абайтанушы Мұратбек Оспанов.

Елбасымыздың «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы Шы­ғыс Қазақ­стан облыстық кітап­ханасында «Абай» жур­налына – 100 жыл» атты әдеби кеш өткізілді.

Ұстаз, танымал жазушы Р.Мұ­саұлы аманат етіп тапсырып кеткен «Абай» журналының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы туралы бас редактор М.Оспанов ой бөлісіп, шараны сәтті ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Сахан Әкелеев бастаған әртістер тобы Абай әндерін шырқап, кездесудің сәні мен мәнін келтірді. Кездесуге келген ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қызметкерлері мен студент-жас­тар «Абай» журналының қилы тағдырымен таныса отырып, «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ақын өсиетіне ден қойды.

Зиза СЛЯМОВА,

 А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы өлкетану бөлімінің жетекшісі

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу