Әдеп кодексі – әдептілік негізі

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Олардың қызметтік әдеп нормаларын бұзбауын және оның алдын алуды Әдеп жөніндегі кеңестер жүзеге асырады.
Егемен Қазақстан
03.05.2017 4882
2

Бұл кеңестердің бұрынғы тара­тылған тәртіптік комиссиялардан ерекшеліктері бар. Олар мемлекеттік қызметшілердің теріс қылықтарын теруден гөрі қызметтік әдеп нормасын бұзушылықтардың алдын алуға басымдық береді. Сонда тәртіп бұзылмайды. Ал аталған Әдеп жөніндегі кеңес Әдеп кодексінің талаптарына сүйенеді. Міне, енді жыл басынан бері осы Әдеп жөніндегі кеңестің 46 отырысы өтіп, онда 264 шара қаралды.

Осы мәселелер туралы Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Қ.Жапақов мәлім етті.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілер арасында кемшіліктің алдын алу жұмыстарын жүргізу агенттіктің аумақтағы Әдеп жөнін­дегі кеңестеріне де жүктелген көрі­неді. Әдеп жөніндегі кеңес­терге алғашқы рет тәртіптік істер­ді қараумен қатар, сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне тал­дау жасау және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мониторинг жүргізу құқығы да беріліп отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақ­сатында мемлекеттік қызмет саласына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның басты көрсеткіші ретінде, жоға­рыда айтқанымыздай, мемле­кеттік қызметшілердің Әдеп кодексі болып табылады. Онда қыз­меткерлердің түрлі жағдайларда – қызмет барысында лауазымы кіші әріптестермен, лауазымы жоғары қызметкерлермен және басшылармен қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыт­тағы, сонымен қатар, көпшілік алдында өздерін ұстауына байланысты мінез-құлық қалыптары белгіленген.

Аталған Әдеп жөніндегі кеңес ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 93 мемлекеттік қызметші тартылған. Олардың төртеуі Әдеп кодексі талаптарын бұзған. Осы кеңестердің талқылау нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысын үйлестіру және тәртіптік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасауға қатысты 189 ұсыныс та енгізілген көрінеді. Ал жалпы жылдың басынан бері 135 мемлекеттік қызметші Әдеп жөніндегі уәкілге шағым түсіріп те үлгеріпті. Негізінен Әдеп кодексі бойынша азаматтар белгілі бір түсінік алу үшін не­месе әріптестердің арасында күрделі жағдайларды реттеуде және мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар бойынша Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінеді.

Ал мемлекеттік қызмет­ші­лердің жаңа әдеп ережелері ту­ралы ақпаратты қоғамға тарату мақ­сатында, Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі «Мемлекеттік қыз­меттегі әдеп» атты мобильді қо­сымша әзірлепті. Мобильді қо­сымшада Әдеп кодексі, әдеп жөніндегі қажетті ақпарат, мемле­кеттік қызметшілердің киім үлгісі жөніндегі ұсыныстар, әдептілік нормасын анықтау бойын­ша ереже жөніндегі жаднама бар. Бұл қоғаммен тиімді бай­ланысты орнатуға үлкен мүм­кіндік береді екен. Қазіргі уақытта «Қызметтік әдеп, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік қызмет реформасын қолдау» жобасы бойынша жұмыс жоспары бекітілген, ол бойынша ағымдағы жылдың мамыр, мау­сым айларында мемлекеттік қызмет­шілердің әдептілік деңгейіне қоғам­ның көзқарасы бойынша әлеу­меттік зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу