Ақ жол саған, Универсиада!

Алматыдағы Универсиада-2017 Алау эстафетасы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дегі «Шығыс Аристотелі» ескерткіші мен Республика сарайының алдындағы Абай ескерткішінің арасында өтті. Эстафетаға 100 адам қатысты.
Егемен Қазақстан
30.01.2017 2623
2

Жалындаған жастық пен алаулаған шынайы сезімнің ордасындай болған елі­міздің бас білім ошағының ау­ма­ғындағы ерекше салтанат күн сәулесі шапағын шашқан сәттен басталды. Студент жас­тардың ұрандаған жігерлі дауысы айналаға айбар берген Алатаудың етегін думандатып, төңіректі дүбірге бөледі.

– Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан!

Жастар дауысы мен жігерлі музыка бір сәтке тыныс ал­ған­да бүгінгінің самұрығы – сұ­лу сұңқардың символындай қа­лық­тап жердегі думанды төбеден тү­сірген дрондардың пырылдаған дау­ысы естілді…

Көп кешікпей думанды жұрт алдына Алматы қала­сының әкімі Бауыржан Байбек шығып сөз бас­тады.

– Қазақтың ежелгі түсі­ні­гіндегі От киесі, От-Ана барша жақсылық пен ізгіліктің бас­тауы болса керек-ті. Хал­қымыз ерекше мән берген ең қастерлі, ең қасиетті Отан, отбасы деген ұғым да осы «от» түбірінен шыққан. Дүние жү­зіндегі а­у­қымды дода Ел­басымыз – Қазақстан­ның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол­дауымен қа-сиет­ті қазақ же­рін­де, Алматы қа­ласында тұң­ғыш рет өтіп оты­руы әлем жұртшы­лы­ғының ел­ге құрметі, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының жа­сампаз халқы мен оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ар­налған ерекше сенімі, – деп атап өтті қала әкімі.

Алматыдағы Универсиада алау­ын тұтату қазақ білімінің қара­шаңырағы әл-Фараби атын­дағ­ы Ұлттық университетте өтуі де тектен-тек емес. Бұл іргелі оқу орны елімізге танымал қанша спорт саңлақтарын тәрбиелеп шықты.

…Бүгінгі ғажайып техно­ло­гия­лық жетістіктерді жүзеге асы­румен жалын атқан ғаламат от-ошақтан алау тұтатқан уни­вер­ситеттің үздік студенті Айсұлу Ерниязова Алматыда ал­ғаш жағылған жа­рыс алауын алып келіп, қала әкімі Бауыржан Бай­бекке табыс­тады.

Салтанат басталды.

Думанды музыка мен дуыл­даған студент жастардың қо­шеметімен Тимирязев көшесіне бет алған алау ұста­ған қала әкімі Бауыржан Бай­бекті жарыс жолындағы 2-ші эстафета нүктесінде өткен жыл­ғы Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасының суда жүзу­ден чемпионы, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ студенті Дмитрий Баландин тосып тұрған. Ел сенімін ақтаған  Дмитрий Баландинді қау­малап, желеп-жебеген желаяқ топ сол қанатқа бұ­рылып, Манас көшесіне қа­рай жол тартты. 3-ші эстафета нүктесінде күллі Азия құр­лығы жастарын сәнімен, сым­батымен ғана емес, волейбол спортындағы асқан шебер ойындарымен таң қалдырып, тамсандырған атақты спортшы қызымыз Сабина Алтынбекова күтіп тұрған болатын.

Сабина­дан эстафета алауын қала­лық мәслихаттың депутаты Мұрат Әділханов алып, белгілі қашық­тық­ты жүгіріп өткен бойда алау­ды Республикалық спорт колле­джінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Амалбек Тшановқа берді…

Осылайша, Манас көше­сімен тіп-тіке жол тарт­қан алау эс­та­фетасы Абай даң­ғы­лына бет алды.

Абай даңғылына түсіп от-алауды қолдан қолға өткізіп алға жылжыған топ Уни­вер­сиа­даның жарыс өткізетін бас­ты алаңдарының бірі – Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне жақындай түс­ті. Осы екі арада тек Алма­тыға ғана емес, күллі Қа­зақстанға есімдері танымал бір топ азамат эстафета алауын кезектесіп ұстап үлгер­ген. Олар­дың қатарында әйгілі киноактриса Қарлығаш Мұхаметжанова, ақын Болатбек Оразбаев, блогер Айтбек Аулбаев, «Базис-А» кор­­­по­рациясының төрағасы Павел Белович, актер Асылхан Төлепов жүрді.

Қалалық Орталық суға жү­зу бассейні мен Сейфуллин даң­ғылына дейін жеті нүктеде алау ұстайтындар сапында атақты спорт­шы Дәулет Тұрлыханов, «Қайрат» ФК бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Зәкіриянов, таны­мал жас шахматшы Жансая Әбді­мәлік, эстрада әншісі Айқын Төлеп­берген, Олимпиада ойын­дарының күміс жүлдегері Ислам Байра­му­ков, актер, комедиялық шоу­мен Нұртас Адамбай және басқа­ла­рының есімдері аталды.

Таңғы сағат 10.20-да алау тұтатқан эстафеташылар көр­се­тіл­ген мерзім бойын­ша сағат 14.00-де Гоголь, Төлеби, Байтұрсынұлы, Сәтбаев көше­лерін басып өтіп, Достық даң­ғылымен төмен құлдилап, Республика сарайы алдындағы Абай ескерткішінің түбіне табан тіреді.

Сәтбаев көшесіндегі 84-ші нүк­теде Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қолынан эстафета алауын алған атақ­ты байкер Дмит­рий Петрухин алауды әл-Фара­би атындағы Ұлттық универ­ситеттің ректоры Ғалым Мұ­тановқа жеткізіп берді.

…Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік Уни­вер­сиада­ға қатысушы 57 елдің мем­лекеттік туларын кө­терген жас­тар қалың топтың арасы­нан жүріп өтіп, алау та­сы­ма­лаушыларға жол ашты.

Топтың алдына түсіп, бұл жүгіріп келген Халықаралық сту­денттер спорты феде­ра­циясының (FISU) пре­зи­денті Олег Матыцин еді.

Алауды қолына алып, тік көтере ұстап дүйім жұрт алды­на шыққан бүгінгі Алматы­дағы өтіп жатқан өте үл­кен спорттық ойынның ха­лық­аралық жетекшісі былай деді:

– Сіздерге осы алаңнан шынайы сәлем жолдаймын! Ең алды­мен, Универсиаданың қазақ жерінде өтуіне үлкен еңбек сіңірген FISU командасына ри­за­шылығымды білдіре отырып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, қала әкімі Бауыржан Байбекке рахмет (қазақша – авт.) айтқым келеді. АЛҒА!..

…Эстафета алауы арнайы дү­ріл­дете соғылған қол ша­палақтың астында арнайы контейнерге салынып, арнайы жабдықталып брондалған көлікпен кешкісін алау жағылатын «Алматы Арена» спорт сарайына жөнелтілді.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу