Алматы – тоқ қала!..

Алматыда туған, тұрған, бі­лім қуған, қызмет істеген, қазір тұрып жатқан, алыста-а-а-н елегі­зіп қаланы сағынып жүрген... бар­­ша­ңыз – осындағы кеңестік асхана­лардан жеген сірке суының өткір иісі мұрын қабатын лағман тағамының қышқылтым дәмін ұмыта қоймаған шығарсыздар-ау!
Егемен Қазақстан
27.03.2017 283
2

Тәуелсіздік орнаған соң Алма­тыда сол лағманның көк-сөкке пышақтың қырындай етіп жұқалап ет туралған – гуй-ру, бұршақтай ша­шып салынған еті бар суй-ру лағманы (қыт. – ламянь – 拉面) пайда болғанын, оның тез-ақ арада Қытайдан қалай «ауып» келгенін білмей қалдық! 

Десе де... Қытайдағы жеген лағ­ман­ның дәмі әлі де аузымнан кетер емес. Тамақты мұндай дәмді пісірер ме еді?! Бірге түстеніп жол бастап жүрген қандасым Жарқын сондай күннің бірінде маған Алматыға барса, аш қалатынын айтып салды! Дереу жауап қаттым: «Оның рас, бұрын­дары Алматыда тамақтану қиын еді. Қазір шүкір, аттап бассаң алдыңнан түрлі-түрлі асхана шығады, ең жоғы – 100 метр сайын түріктің «Дөнерін» кездестіресің, сендердің осы лағмандарың да аста-төк толып тұр!»

«Жо-жоқ, сіз түсінбедіңіз», дейді шетелдік бауырым. «Сіздің асханада гуй-ру де, компот та, қуырдақ та, котлет те бір қазанда піседі емес пе?!» «Иә...», дедім де, ойланып қалдым. Қытайда асхана баспалдағын аттасаңыз, алдыңыздан шыққан қызметші сіздің мұсылман-қазақ екеніңізді аңғарып, жолыңызды инабатпен бөгейді. «Шошына ма, ауыздарына ұшық шығып қала ма?» дей ме екен, бұл жерде мұсылмандар асының жасалмайтынын ескертеді. Яғни, мұсылман мен қытайдың тамағы бір қазанда пісірілмейді! Егер «аузыма да, асқазаныма да сенімдімін» десеңіз, төр – сіздікі!

Қытайда ұйғыр, дүңген, қазақ асха­налары бөлек жайласқан! Жарқынның меңзегені сол. «Енді Алматыға жол түскенде тамақты қай­дан ішесіңдер?» «Жерұйықтан!» О-о, Алматыда «Жерұйықты» кім білмейді!? Ұлттық асқа әуес жан аттың басын сонда бұрады. Мәскеуден келген әріптесім «ет жеймін» деген соң сонда бардық. Екі адамға бір табақ ет әкелінді, екі тілім қазысы бар, сүт қатқан күрең шай, лимон, құрт, жент... әрине, бауырсақ – бәріне 100 АҚШ долларын төлеуіміз керек! Шоршып түстім. Шетелге іссапарға келген деген аты бар емес пе, қонағым мені ұялтпай ақшаны өзі төледі. Жарайды, бұл әңгіме «өз арамызда» қалсын-шы!..

Халықаралық мәні зор «Универ­сиада-2017» өтердің алдында шетелдік меймандар мен қала тұрғындарын ас-сумен қамтамасыз етудің жоба­сын ұсынған Алматы қалалық кәсіп­керлік пен индустриялық-иннова­ция­лық даму басқармасы БАҚ арқы­­­лы «Универсиада ұсынады» деген атаумен қаладағы қоғамдық тамақ­­тандыру мекемелерінің тізімін мекенжайымен жариялады. Олар: Бочонок, Entrecote Garden, Пруссия, Favor Loft, Карлов мост, Дом, Grudo steakhouse, Mad Murphys, Бармаглот, Гранат, Рататуй, Вечное небо, Korean house, Пинта, Дублин, Вахтангури, Гиннес паб, Union Esperanza, Оранже­вый верблюд, Базилик, Мастер Жигу­лев, Hemingway... Таңырқайтын түгі де жоқ, Алматының бүгінгі асхана мәзірін жасайтын көш бастаушылар легі осылар!

Жоғарыда аты аталған басқарма таяуда Медеу шатқалында шығыс тағамын даярлайтын «Tengri Cafe» мейрамханасының ашылғаны, ал «Qazaq Restaurant»-тың (ол да Ме­деу­де!) 90 адамды бір мезетте қазақша тамақтандыратыны туралы қуана құлақтандырды. Мен сонда Жарқын мен Әси секілді Универсиада тамашалауға келген он-сан қандаста­рым­­ның қайдан ас ішкенін білмей аң-таң отырдым. Медеу, сірә да, алыс – «Жерұйыққа» барған шығар?! Мейлі ғой, меймандарымыз бір амалын табар, ал 2 миллионнан астам халқы бар Ал­матының күнделікті қызметтегі жұрты – негізінен қазақтар, тамақты күнделікті қайдан ішеді деп ойлайсыз сіз?

Бұл арада «Қағанат» тамақтандыру желісінің орны бөлек. Бірақ, өте-мөте жетімсіз! Қазір Алматыда біз қаласақ та, қаламасақ та Қытайдың өтімді тауары секілді тамағының да дәуірі мен дәурені жүріп тұр. Тек олардың дені қаптаған «Узбечка» немесе «Paradise» асханаларында дайындалады. Бұл екі мейрамхана желісі атауының орнын ауыстырып оқысаңыз да қателеспейсіз... бірақ, беретін негізгі тағамы – гуй-ру мен суй-ру лямань!

Солай, оу-у... түс мезгілі таяп қапты, бүгін қайда барасыз? Қайда барсаңыз да, асыңыз дәмді болсын! Біздің Алматыда, сіздің Алматыда, әйтеуір... аш қалмайсыз!


Талғат СҮЙІНБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу