АЛТАЙДЫҢ АЯСЫНДА КӨП АУЫЛ БАР

Егемен Қазақстан
12.01.2010 2087
немесе облыста көш бастаған аудан туралы бірер сөз Облыс орталығынан 350 ша­қырым қашықтықта жатқан Катон­қарағай ауданы өткен жылғы әлеу­меттік-экономикалық даму көрсет­кіштерінің рейтингісі бойынша ауылдық аудандар арасында ойып тұрып бірінші орынды жеңіп алды. Жалпы, Кенді Алтайда рейтингі­лерді анықтау арқылы жарыс же­ңімпаздарын белгілеу жақсы дәс­түрге айналған. Себебі, озық тәжі­рибені, салық жинаудың тиімді тә­сілдерін қолдану, ауыл шаруашы­лы­­ғында қол жеткен табыстар жай­лы іле-шала облыстық газеттерде жарияланады. Артта қалып қойған аудан, қалалар келесі тоқсанда не­месе жыл қорытындысы бойынша алға жылжудың тәсіліне көшеді. Ал аталмыш ауданда өткен жы­лы көптеген істер тындырылғаны көз­ге ұрып тұр. Ауыл шаруашы­лы­ғының жалпы көлемі оның алдын­дағы жылмен салыстырғанда 42,6 пайыз өсіп, ол 7 миллиард 839,4 мил­лион теңгені құраған. Былтыр 53,1 мың тонна алтын дән қамбаға түсіп, күнбағыс, картоп, көкөністен де мол өнім жиналған. Ет, сүт, жүн, жұмыртқа, бал өндіру жоспары да толығымен орындалған. Бүгінгі күні ауданда 9 мал бордақылау алаңы, 12 қолдан ұрықтандыру қосыны, алты асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. – Алтайда қыс қатты. Көнекөз қариялардың өзі мұндай ұзақ, боранды-шашынды күндердің айлап тұрып алғанын әрең еске түсіреді. Қыстың қатал болатыны жайлы жұлдызшы Назарбек Қо­жамсейітов ескерткен, оның үстіне ауа райын зерттейтін мамандар да дабыл қаққан. Сондықтан да Ал­тайдың алты айға созылатын қы­сына мұқият әзірлендік. Қыстамаға 213 мың тонна шөп, ондаған тонна пішендеме, сүрлем, сабан әзірлеп алдық. Әзірге мал шығыны орын алған жоқ, аманшылық болса қыс­тан мал-жан аман шығатын сияқ­ты, – деп аудан әкімі Серік Зай­нул­дин шаруа барысымен таныс­тыра кетті. Қ. Дамитов атындағы орта мек­тепте 300 оқушы бар. Білім ор­дасына келер жылы күрделі жөндеу жасалмақ. Бұдан кейін Оновка ауылдық округіне бет алдық. Бізді ауыл әкімі мен жақында ғана ерен еңбегі үшін “Құрмет” орденімен марапатталған А. Матасов қарсы алды. Анатолий Петровичті бұрын­нан танитынбыз. Ол шаруаға мы­ғым азамат. Өткен жылы да күн­бағыс, астықтан бітік өнім алыпты. “Әттең астықтың бағасы мүлдем құлдырап кетті, бірақ оған алаңдап отырған жоқпыз. Қамбаға құйып алған соң алаңдауға негіз жоқ”, деп ағынан жарылды қожалық иесі. А. Матасовтың тағы бір ерлігін айтпай кетпеске болмас. Өткен жы­лы облыс әкімі Б. Сапарбаев облыс­тың барлық іскер азаматтарына со­нау жылдары су тегінге алған бала­лар бақшаларын, клубтар мен мек­теп­­терді тегін қайтарып беру жөнін­де бастама көтерген. Матасов ер екен, екі қабатты балабақшаны және ау­ылдық мәдениет үйін тегін қай­та­рып берді. Аудан әкімі С. Зайнул­дин “Балдырған” деген балабақ­шаға ертіп келді. Әзірше бұл жерде 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Жа­қында тағы 25 орындық бақша іске қосылмақ. Ал мекеменің екінші жағында ауылдық пошта, шаштараз орналасыпты. А. Матасов қайтарып берген клуб үйі де жайнап тұр. Өт­кен жылы оған қаржы бөлініп, күр­делі жөндеуден өткен. Топқайың ауылында жақында ғана “Ерен ең­бегі үшін” медалімен марапатталған “Топқайың” шаруа қожалығының иесі Тоқтасын Қалибековті жо­лықтырдық. Тоқаң биылғы қыстан қысылмай шығатынын, жем-шөп­тің мол екенін айтты. Жол-жөнекей Майемер ауылы­на соға кеттік. Мұнда да біраз іс­тер­дің атқарылғаны көрініп тұр. Мек­теп, клубқа күрделі жөндеу жа­сал­ған. Ауыл көшелері қалың қардан тазартылған. Ауданның бұрынғы орталығы Катонқарағай ауылына келдік. Осыдан үш-төрт жыл бұрын екі-үш қабатты тұрғын үйлер алқа-салқа болып, иесіз болған соң тозып-ақ тұрған. Енді сол үйлерге жан біте бастаған сыңайлы. Ауылдық әкімдіктің қарсы алдындағы үш қабатты үй алыстан көз тартады. Бұрынғы банк мекемесін облыстық мәслихаттың депутаты Темірбек Иса­баев алып, жайнатып тұрып жөн­депті. Бұл мекеме енді пан­тымен емдейтін шипажай болмақ. – Іскер азамат Темірбек Құ­марбекұлы маралдың мүйізін тоңазытқышта сақтап отыр. Аман­шылық болса, енді бір жарты айда шипажайды халық игілігіне бермек. Пантыны қайнатып, адамдарды емдей бастамақ. Темірбек өткен жылы кіндік қаны тамған Топ­қайың ауылында бір көшені тегін асфальттап берген. Басқа да қайы­рымдылық шараларына белсенді түрде қатысып тұрады, – деді аудан әкімі. Аудандық әкімдіктің үшінші қабатына көтерілдік. Бұл жерде ау­дандық “Луч”, “Арай” газеттерінің тілшілер қосыны орналасыпты. Аудандық газет редакторының ор­ынбасары, бірнеше жыр жинақта­рының авторы, белгілі қаламгер Жәнібек Қызыр 60 жасқа толғанда жерлестері құрмет көрсетіп, “Ка­тон­қарағай ауданының құрметті аза­маты” деген атақ беріпті. Әріп­тесімізді құттықтап шығудың реті келді. Аудан өмірінің айнасы “Арай” газетінде кезінде белгілі қа­ламгерлер Оралхан Бөкей, Дидах­мет Әшімхан, Қайырды Назырбаев сияқты азаматтар қызмет еткен. Қасиетті шаңырақ аудан тынысын жақсы көрсетіп келе жатыр. “Жол картасы” не берді? Өткен жылы ауданға “жол картасы” бойынша мол қаржы бөлінбегенімен ұқыпты үнемдеудің нәтижесінде біраз істер тынды­рылыпты. Атап айтар болсақ, төрт әлеуметтік жобаны орындауға 15 миллион 183 мың теңге бөлінді. Жа­ңадан 150 жұмыс орны ашыл­ған. Аталмыш бағдарлама аясында екінші траншпен республикалық бюджеттен 16 миллион 576 мың теңге бөлініп, бұл қаражатқа Кіші Нарын орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілген көрінеді. – Биыл да “жол картасы” бойынша біраз жобаларды қарас­тырып қойдық. Мектептерді, бала­бақшаларды күрделі жөндесек деген ой бар. Катонқарағайда “Қаратай” деген саябақта 300 түп ағаш көше­тін отырғыздық. Бұл жерде Қаратай бабаға мүсін орнатсақ деген ниет­теміз. Әрине, бұл істі іскер азамат­тар атқарып жатыр. Ауылдық әкім­діктің бірінші қабатындағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін орта­лық­ты да қажетті құралдармен жаб­дықтадық”, – деп аудан әкімі С. Зайнулдин әңгімесін жалғастырды. Шалғайдағы ауылдарда да денсаулық сақтау, мәдениет үйлері бой көтерген. Сенное ауылында медпункт пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға да 10 миллионнан астам қаржы бөлінген. Өрел, Майемер, Аққайнар, Шыңғыстай ауылдарын­дағы клубтарға ағымдағы жөндеу жұ­мыстары жүргізілген. Ал ау­дандық мәдениет үйіне 38 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліпті. Біз болған кезде бұл жерде жұрт­шылық демалатын бильярд залы ашылды. Жақында үш үстел тен­нисі құрылып, мәдениет үйі өзін-өзі қаржыландырмақ. – “Жол картасы” бойынша биыл 229 миллион 634 мың теңге бөлінбек. Демек, кем дегенде 322 адам жұмысқа орналасады. Ал бұл қаржыға жеті ауылдағы иесіз электр жүйелерін ағымдағы жөндеу, Көк­терек, Солоновка, Бесүй, Ақсу ау­ыл­дарына күрделі жөндеу, Кіші На­рын ауылындағы клуб, Печи, Бел­қарағай, Аққайнар ауылда­рын­да­ғы клубтарды ағымдағы жөндеу­ден өткізуді ұйғарып отырмыз. Өрел, Новополяковка ауылдарын­да­ғы, Катонқарағайдағы Торайғы­ров, аудан орталығындағы Мир, Абы­­лай­ хан көшелерін ағымдағы жөн­­деуден өткізу де ойда бар. Ба­ға­на өзіңіз көрген “Қаратай” мә­де­ни-демалыс саябағына былтыр бес миллион теңге бөлінген, биыл оған 5 миллион 263 мың теңге бөлсек, жаздың тамылжыған күнінде тұрғындар иелігіне берсек, орынды болар еді. Жолдарды жөндеу де үстіміздегі жылы жалғаса бермек. Үлкен Нарындағы 16 пәтерлік тұр­ғын үйді жөндеу де қарастырылды. Алакөл көлінің жағалауындағы балаларды сауықтыру лагеріне де қаржы бөлеміз, – деп аудан әкімі­нің орынбасары Қайыржан Сәдуов біраз жайдан хабардар етті. Туризм дами бермек Мыңжылдық қарағай мен са­мырсын, балқарағай тамылжыған, аспанмен таласқан мұзарт таулар қор­шаған, табиғаты ғажап бұл өлке­де туризмді дамыту да басты назарда тұрса керек. Бесінші түлік марал мен бұғының мүйізін қай­на­тып, одан түрлі дәрмек алудан бас­қа тағы бір берекелі іс бар. Ол пан­тымен емдеу-сауықтыру демалыс орындары. Бұл күндері ауданда пантымен емдеу-сауықтырудың 9 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Өт­кен жылы Катонқарағай ауылында 20 орындық “Аққайың” емдеу-сау­ықтыру туристік кешені, Ақмарал ауылының маңында “Катон­қара­ғай” сауықтыру-туристік кешені пайда­лануға беріліп, онда жүздеген адам денсаулықтарын түзеп қайтты. Жал­пы алғанда, туризмнің адам­дар­­ға тигізетін пайдасы мол. “Рах­ман қайнары” шипажайын қазір көрші мемлекеттер де жақсы біледі. Жыл сайын Ресей мен жақын шет­ел­­дер­ден туристер келіп демалады. Топ­қай­ың ауылының жанында “Нұр­­бұлақ” сауықтыру кешені салынып жатыр, ол биыл іске қосылмақ. Қайтарда Катонқарағай ауы­лын­­дағы “100 мектеп, 100 ауру­хана” бағдарламасымен салынып жатқан бес бөліктен тұратын үш қабатты аурухана құрылысына соға кеттік. Құрылысшылар негізінен алғанда әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аманшылық болса, жалпы құны 1 миллиард 949 миллион теңгені құрайтын 75 орындық жаңа жоба­дағы кешен жыл аяғында пайдала­нуға берілмек. Сондай-ақ, Өрел ауы­лында да 829 миллион теңгеге 320 орындық мектеп құрылысы бой көтеруде. Өткен жылы Катон­қа­рағай ауылында балабақша, мал соя­тын қасапхана іске қосылған. Қа­зір ол ел игілігіне қызмет жасауда. Оңдасын ЕЛУБАЙ,Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу