Алтайдың дәрілік шөптерін қалай кәдеге жаратамыз?

«Көргенде көз, көңілдің Ал­тай емі» деп Иса ақын Байзақов жырлағандай, асқақ Алтай, асқар Алтай, маңғаз Алтай – адам жанының ғана емес, тәнінің де емшісі ғой, шіркін! Бүгінде елі­міздің, әлемнің түкпір-түкпі­рінен ағылып жатқан туристің Алтайдан іздейтіні сол саф тазалық, содан тарайтын, содан қуаттанатын дәру, шипа емес пе! Алтайдың алқымын жапқан ағашының да, сай-саласында өрген аң-құсының да, жерге жайылған жасыл кілемінің де, салқын самал ауасының да ем болатыны ең алдымен Алтайдың өсімдік дүниесінің алуан түрлілігінен болса керек. Өйткені, Алтайдың флорасы өте бай. Тау жартастары мен ну орманда мүк, қына, саңырауқұлақ сияқты өсімдіктердің екі мыңнан астам түрі өседі. Шөптесін өсімдіктерден алтай желайдары, сібір у шырмауығы, тәтті жапы­рақты таспа, алтай қоңыраты жиі кездеседі. Қазақстанның «Қы­зыл кітабына» енген қар дәуая­ғы, алтай рауғашы, алтай және сібір қандығы, ала күл­те­лі қызғалдақ, ірі гүлді жә­не кә­дімгі шолпанкебістер, алтай суық­шөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғы­лығы, қызғылт семізот, марал тү­бірі, алтай қасқыржидегі тек Катонқарағай өңірінде өсетін ен бай­лық. Бұталардың 50-ден астам түрі, оның ішінде таңқурай, қара­қат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқа түрлері жетерлік.
Егемен Қазақстан
18.01.2017 5739
2

Бұл байлықтың бүгінгі қор­ғаушысы – Қазақстанның ең ірі табиғат қорғау кәсіп­орны­нан саналатын Катонқарағай мем­ле­кеттік ұлттық табиғи паркі. Төрт елдің – Қазақстанның, Ресей­дің, Қытайдың және Моңғо­лияның түйіскен тұсында орналасқан ұлттық парк Катон­қарағай ауданынан бөлек Күршім және Зырян аудандарының аумағына да ұласады. Өткен жылы құрыл­ғанына 15 жыл тол­ған парктің аумағы 46700 гектарды құраса, оның негізгі бөлігі – орман. Яғ­ни, 260 мың гектар жер мәңгі жа­сыл мың жылдық самырсын, бал­қарағай, қарағаймен көмкерілген.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда дәрілік шөптер мен өсімдіктер молынан өседі. Алайда, өңірдің бұл саланы игерудегі әлеуеті төмен. Катонқарағай ауданында өндірілетін панты өнімдерінде марал мүйізін консервациялауға Алтайдың дәрілік шөптері қосылып, биологиялық белсенді қоспалардың қасиетін арттыра түседі. Оңтүстік Кореямен бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған «Ақсу-Дэен» кәсіп­орнының қызметімен танысқанда Алтайдың альпілік белдеуінде өсетін дәрілік өсімдіктердің өңделуінен хабардар болған едік. Жалпы, бүкіл қазақстандықтар жадыраған жаз айлары туа ағылатын Алтайдың пантымен емдеу орталықтарындағы емнің әсері тікелей таудың дәрілік шөптерінен нәр алатынын айта кетелік.

Мысалы, марал мүйізінің барлық дәруі жануардың таудың адам аяғы баспас биігінде ғана өсетін марал оты, алтын тамыр сияқты асыл шөптерді шалуынан жиналады. Сол сияқты, мың да бір ауруға ем делінетін ұлар құс та Алтайдың құзар шыңдарындағы сирек кездесетін қуатты шөптерге жайылып, бұталардың тамырымен қоректенеді. Аю, арқар мен тауешкі де солай. Әрине, тағы аңға екінің бірінің қолы жете бермейді. Лицензиясының қымбаттығын ысырып қойғанда, қияда аң қағу қиынның қиыны. Әккі, сыралғы тау ұландарының өзінің жолы бола бермейді. Сон­дықтан, жалпы жұрт Алтай­дың емін арнайы қызмет көрсету орындары – пантымен емдеу шипажайларында алады. Әдетте, ондай орталықтарда панты астау­мен бірге фитобөшкелерге орналасады. Марал мүйізінің сорпасы Алтайда өсетін 18 түрлі дәрілік шөппен бірге қай­натылған соң, оның буы қысым­мен түтік арқылы фитобөшкеге бері­леді. Сорпа буы теріні, бұл­шық етті нәр­лен­діреді. Өйт­кені, сорпа құра­мында липидтер, фосфолипид­тер, амин қыш­қылы, дәрумендер сынды жа­су­шалардың иммундық жүйе­сін нығайтатын, қан құра­мын жақ­сартатын заттар бар. Фитобөшке адам ағзасын құнар­ландыру үшін емдік мақсатта пайдаланы­лады. Шорбуын, құяң, остеохондроз, артресклероз, асқазан жа­расы, қаны аздық, белсіздік ауру­ларына өте жақсы ем. Ақыл-ой күйзелісі мен дененің шаршауын басады.

Сондай-ақ, мың сан гүлді тозаңдандырып, бал жинайтын аралар үшін де Алтайдың дәрілік шөптерінің маңызы өте үлкен. Егер, омарта Алтайдың аясында болса, ол балдың тіл үйіретіні де, талай дертке дауа болатындығы да шүбәсіз. Алтай балының даң­қының алысқа кетуінің негізгі себебі осы. Дегенмен, ара да асыраған соң төрт түлік сияқты, ауырады, сырқайды, күн райына қарай ұшпай қалады. Сон­дай кездерде араны қолдан азық­тандыруға, емдеуге тура келеді. Осыған орай, Алтайдағы дәрілік шөптерден ара ауруларын емдеуге арналған препараттар өндірісін жолға қоюға мүмкіндік бар.

Шынын айту керек, осыған дейін кейбір омарташылар бал арасын сауық­тыру үшін химиялық заттар қолданып келгенін айтады. Сондықтан, екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Ресеймен бірлескен кәсіпорын құру арқылы марал мен араны емдеуге арналған биопрепараттар өндірісі негізінде өңір омарташыларын табиғи таза екпемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр­ғанын жеткізген. Бұл емдеу тәсілі маралдың терісінің астына ұя салатын бөгелекті жоюға да арналады. Шөптер мен майлардан жасалған препараттар зиянкес жәндіктерді өлтіріп қана қоймай, олардың қайта пайда болуына жол бермейді. Алайда, аталған жобаның соңы сиырқұйымшақтанып кетті…

Қазіргі кезде Қытайда шөппен емдеу саласы кеңінен дамыған. Тіпті, фитотерапия саласынан хабарыңыз болмаса, шығыс медицинасы жай шөптің өзін емдік қасиеті бар өсімдік ретінде насихаттай беретініне иланасыз. Осыдан екі жыл бұрын көрші ШҰАР-дың Тарбағатай аймағына жолымыз түсті. Шағантоғай ауданында мыңнан астам өсімдік түрі өссе, оның басым бөлігі дәрілік шөптер ретінде пайдаланылады екен. Әдетте, біз көңіл аудара бермейтін әр өсімдіктің пайдасы мен бағасын шағантоғайлықтар жақсы біледі. Шаған­тоғай – гүлдер мекені. Солардың ішін­­дегі әдемісі – шұғынық. Ма­мыр айында қауыз жаратын шұғы­нықтың ұрығынан дәрі, са­бағынан үйді ағартатын әк алады. Бұл өзіміз­дің Алтайда өсетін таушымылдыққа ұқсайды.

Таушымылдық демекші, осы гүлдің тамырында болатын құрттың қымбаттығы сондай, қара базарда килосы 50-60 мың долларға дейін бағаланады деп естиміз. «Қызыл кітапқа» енген бұл гүл біздің елімізде Мар­қакөл өңірінде өседі. Жылда осы гүлді қопарып, тамырынан құрт іздейтін браконьерлермен ымырасыз күрес жүргізіліп келе жатса да табиғатқа зиян келтірушілер толас­тар емес… Шағантоғайлықтар тәжірибесіне қайта оралсақ, күрделі отаны жеңілдетуге қолданатын дәрі-дәр­мек қызғалдақтан жа­салады десе сенесіз бе?! Жа­байы апиын­ гү­лінің дәнегі жанға батқан ауру­ды басуға көмектеседі. Бұл – біздің кәдімгі қызғалдақ. Шашы­ратқыдан австралиялықтар кофе, дәрі жасайды екен. Ауылда мал азығына шауып алатын сасырымыз алапес ауруын емдейді әрі Шыңжанда сирек кездесетін бағалы өсімдік болып шықты. Ал астра гүлі қызуды басып, уытты қайтарады. Бүргеннің қауашағын қайнатып, буына булану арқылы теріні жұмсартуға, жасаруға болады.

Сондай-ақ, ертедегі қазақтар бүр­геннің түрлі-түсті бояу жасауға таптырмас өсімдік екенін жақсы білген. Ал қойжуа мен доланадан денсаулыққа пайдалы тосап қайнатылады. Шетен – асқазан ­ауруларына мың да бір ем. Қараған шайы қан қысымын төмендетуге септігін тигізеді. Сүттіген гүлін қазақтар ертеден емге қол­данады. Халық жадындағы атауы – бақбақ. Маусым туа қауыз жаратын күнгелді гүлі атауында тұрғандай, күннің кел­генін күтетін бипаз өсімдік. Микробты жоятын құдіреті бар. Жабайы бадам болса, дүние жүзінде екі-ақ жерде өседі. Бірі – АҚШ-тың Калифорния штатында, екіншісі – Шағантоғайда. Бадам жемісі – жүрек, қан қысымы ауруларына шипа. Ал мақсары өсімдігін ханзулар егін ретінде егіп, ұрығынан сұйық май тартады екен. Шырмауық, шәңкіш, мия, жарықгүл сынды өсімдіктер де кәдеге асады.

Міне, осы сияқты жүздеген тұқым атаулы қауыз жаратын мамыр мен тамыз айлары аралығында Шағантоғайда гүл мерекесі өтеді. Алыстағы ­аудан гүл фестивалін тамашалауға жан-жақтан туристер ағылатын аймақ­қа айналыпты. Бұл – Қытай­дың Қазақстанның Үр­­жар ауда­нымен шектесетін тұсы. Ал Зай­сан, Күршім аудан­дары тұсын­дағы Алтай аймағында да жұңғо жұрты ағажай Алтай­дың дәрілік шөп­терін шетеу шығармай иге­ріп жат­қанында күмәніміз жоқ. Тіпті, бір әріп­тесіміз Алтай қаласына барған сапарында қа­лада тас саудасының қызып тұрғанын, жер­де жатқан жай тас таппайтыныңызды айтып, таңғалып келген. Ал бізде… Тас­тан бөлек тағы қаншама байлық аяғымыздың ас­тында тапталып жатыр. Иә, игерусіз иен жатыр…

Түйін: Ұлттық парк маманы Раушан Қырықбаеваның айтуынша, «Ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар туралы» Заң­ға сәйкес, Катонқарағай ұлт­тық табиғи паркі аумағында дәрілік шөптерді өндірістік мақсатта даярлауға рұқсат жоқ. Тек жеке қажеттілікке орай белгілі телімнен тегін жинап алуға болады. Бұл – саланы да­мытудың тағы бір кедергісі іспетті. Алайда, мемлекеттің қыз­ғыштай қоруынан аталған заңнама арқылы табиғи парк аумағындағы «Қызыл кітапқа» енген 35-тен астам дәрілік шөпті сақтауға жағдай жасалып отыр­ғанын да ұмытпаған жөн.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Суреттерді түсірген

Алексей МАЗНИЦИН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу