Алтын байрақты Астана

Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.
Егемен Қазақстан
06.07.2017 255
2

Арғы дәуірлерде ата-бабаларымыз құрған қай мемлекеттің астанасы болсын қазақ үшін қастерлі әрі қымбат. Нақ соның дәлеліндей, Алтын Орданың астанасы – Сарайшық, Ақ Орданың астанасы – Сығанақ, Қазақ хандығының астаналары – Сайрам мен Түркістан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының әуелгі астаналары Орынбор мен Ақмешіт атаулары бүгінгі гүл жайнап құлпырған бостан елордамыздың көшелерін көркейтіп тұрғаны қандай ғанибет. 

Астана – мемлекеттіліктің, елдіктің атрибуты. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ­тың соңғы ханы Кенесары ақ киіз­ге көтерілген, сонау Алаша хан зама­нынан бері бағаналы орда, басты жұрт саналған Ұлытау да қазақтың бұрынғы бір астанасы, мәңгілік құрмет тұтылар қасиетті төрқазығы десек, қате айтпаспыз. Сол сияқты, қала тұрғы­зылмаса да, Абылай ханның ордасы тігілген, хан ставкасы орныққан, жарты ғасырға жуық уақыт бойы хандық билік жүзеге асырылған киелі Көкшетау –Бурабайды да елдігіміздің астана жұрты, байрақты байтағы деп бағалағанымыз орынды болмақ. 

Елдің астанасы, бас қаласы ұғы­мы оның перзенттерін қашан да тебірен­діріп толқытады. Кезінде әсем Алматыға қаншама ән-күй, өлең-жыр арналмады десеңізші. Майданнан оралған Қасым ақын алтын үйек астанасына сағынышын өлеңмен мөлдіретіп: «Күлкі-жасы аралас, Ақын да бір жас бала. Тербет өзің, мауқың бас, Алтын бесік – Астана. Жүрмін жортып қызықтап, Көше қоймай баспаған. Сыбырлайды жапырақ, Жалт қарайды тас маған», – деп емірене толғанып, сүйікті астанасының ай маңдайын ең бір әдемі жыр жақұтымен безендіреді.  

Бас қала ретіндегі миссиясын абы­роймен ардақтаған Алматы, Елба­сымыз дәл анықтап айтқанындай, тәуел­сіздіктің бесігі болса, бүгінгі жауһар қала, жасампаз Астана тәу етер Тәуел­сіздігіміздің дүр гауһарлары жар­қырап тізілген алтын тәжіне айналғандығы әлем мойындағаны ақиқат. Бұрынғы про­винциялық қала Ақмоланың елорда ретінде таңдалуы мейлі тарихи, мейлі географиялық, мейлі экономикалық немесе демографиялық тұрғыдан да өзін ақтайтын болып шықты.  
Бүгінгі елордамыздың бір сәт бұрын­ғы тағылымды тарихына көз жүгірт­кен артық та болмас. Сарыар­қаның сайын сақарасындағы Ақмола – Қараөткел, Есіл – Нұра атырабы ықылым замандардан бері тоғыз жолдың торабы, түрлі өркениеттер мен мәдениеттердің табысып тоғысқан тарауы болған. Тарихтың атасы сана­латын Геродот өз еңбектерінде Жал­пақ жапан дала арқылы өтетін мар­шрут­тарды, солардың бойымен осы жерлерден жүретін керуендерді атайды. Оның бұл айтқандары кейін Ұлы Жібек жолы ретінде белгілі болып, жер-жаһанға танылады. Міне, осы Сарыарқа төсіндегі Ұлы Дала арқылы өткен керуен жолдары қалалардағы қолөнер мен ұсақ кәсіпшіліктің дамуына, сау­даның өркендеуіне әсер еткен. Қазіргі Астанадан бес шақырымдай жерден ортағасырлық Бозоқ қаласының жұрты табылды. Бұл ежелгі қаланы тәуелсіз Қазақстан елордасының бұдан мың жыл бұрынғы ізашары деп айтуға әбден болатын сияқты. 

Ал енді осыдан екі жүз жыл шамасы бұрында, он тоғызыншы ғасырдың отызыншы жылдарында осынау дала­дағы аттас мекеннің орнында Ақмола қаласы бой көтеріп, патша өкіметінің әскери, экономикалық һәм сауда-сатттық мүддесіне қызмет етті. Осы арада бекініс орнап, отарлау саясатын іске асырды. Ақмола бекінісін қазақ халқына азаттық көксеген көкжал Кенесары ханның сарбаздары атойлап шабуылдап алғаны да тәуелсіздік жолындағы ерлік күрестің бір өршіл де жарқын парағы болып табылады. Сонда Хан Кене азат еткен Ақмола бекінісінің орнында бүгінгі тәуелсіз еліміздің төрқаласы жасанып бой түзеуі де керемет ырым, жақсылықтың, жарқын болашақтың нышаны емес пе?!

Қазақстанның инновациялық дамуы­ның, өнер-мәдениетінің көшбас­шысы, алтын байрақты Астанамыз жасай берсін. Астана тойы құтты бол­сын, ағайын!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу