Алтын бесік

Ескісін жамап, ешкісін сауып, қойын құрттап, айранын ұрттап мал­шылықпен, бақташылықпен, ұс­та­лықпен, саятшылықпен, аң­шы­лық­пен шұғылданған қарапайым қа­зақтың әрбір ауылында алтын ба­лық үйіріндей ақылды, арлы ақ­са­қал­дардың «Сүйек сындырма, ата атан­дыр­ма!» немесе «Жер – Ана, Орман – Ата, Су – Қан», «Ауа – Жан», «Жел – Рух» дейтін асыл ойлары мен әйгілі ізгілікті әрекеттері болатын. Міне, осы жағдай сол бір көбелек қуған, қо­зы, бұзау баққан, тезек терген, отын-су тасыған ауыл балаларының әде­п­ті дағды-машығын, таным-тү­сі­ніктерін, көзқарасын, ой-санасын, тө­зім-рухын, тұрмыс-тіршіліктегі ұс­танымын қалыптастырған еді.
Егемен Қазақстан
30.06.2017 382
2

Ежелгі дәстүріміздегі кіндік шеше таң­дау, бесік жырының рухында тәр­би­елеу, тіл сындыру һәм ұстарту, са­намақты үйрету, тайға мінгізіп, айда­ры­нан жел есіп, ат ойнатар, даланы дүбірлетер ер болар ма екенсің деу, жануарлар мен құстардың, төрт тү­лік атаулының дыбыс шығару ерек­ше­ліктерін үйрету, ұяңдыққа баулу, үл­кенге ізет көрсету және қарияны ат үс­тінен түсіріп алу, кісі алдын кеспеу, бет жыртыспау, «қусынып сөйлемеу, құл­шынып жемеу» сияқты жақсы қа­си­еттерді болмысына дарытады. 
Өмірдің базары, қызықты тіршіліктің, халық тілінің ежелгі кеніштерінің қа­си­ет­ті ордасы – ауыл. Ән өнері, айтыс өне­рі, ертегішілік, дастаншылдық, жыр­шы­лық, ойыншылық, ат бәйгесі, балуан күресі – ауылдың рухани келбетін ай­қындайды. Я болмаса ұлттық салт-дәс­түрлер, ойын-сауықтар, мейрамдар, тұрмыстық әдет-ғұрыптар, ыдыс-аяқ­тар, киім-кешектер, ат-әбзел, үй жану­ары атаулары, ою түрлері, әсемдік бұй­ымдары, ұлттық тағамдар, киіз үй ауыл бейнесін елестетеді. 
Негізінде, ХIХ ғасыр басында инже­нер И.Шангин Нұра бойында шо­ғыр­лан­ған 4 мың киіз үй көргенін жазған. Есіл-Нұрадағы «Тоғанастың 92 көлінде қа­лың ел болған. Қазақ ауылының сә­у­леті қандай десеңізші! Бұлар ауыл ба­ласының ұлт тарихына, дәстүрлі мә­де­ниетіне, этнографиясына қатысты бі­лім-білігін толықтырып байытады. Бір мысал. 10-12 үйі ғана бар шап-шағын ауылда Шәкәрімнің шежіресін ешкімге тіс жармай оқитын өзі әпенді, аңқау, майдангер Қабдеш ақсақал: «Миым шағып, көзім қарауытып, құлағым шуылдап, өкпем сырылдап, жүрегім қағып, асқазаным күйіп, тізем қалтырап, балтырым сыздап, сегізкөзім сіресіп, та­баным қызып» деп, неше алуан фра­зеологизмдерді тізетін-ді. Қабыл дей­тін атамыз көріпкел, ертегіші еді. Ел абы­зы Әутәліп тұтас ауылдың жанашыр, қайырымды қамқоры болды. О кісі аттың үстінде жүрсе де әкем кә­де­лі сыбағасын маған апарғызатын. Жа­рық­тық, төгілдіріп батасын беруші еді. 
Қазақ: «Жылқының еті де – жел, сүті де – жел, үсті де – жел» деп құрметтеген. Ақ ауылдың сәні жоқ,Топталып жылқы үйез­деп, Ноқталы құлын күйездеп, Тар­т­қан желі болмаса, − деген Дулат Ба­ба­тайұлының лебізінде ауыл ажары ай­қын өрнектелген. Мыңды айдаған қа­зақтың атақты байлары бірөңкей ақбоз, не бірөңкей қаракөк, я болмаса бірөңкей сүлік қарадан жинаған, іріктеген. Себебі, байтақ даланың өңін теңіздей толқыған бояу-түстермен келістіре түсу мақсатында. Бұ да ауыл баласын таңғажайып бір көркемдік көзқарасын қалыптастырады емес пе. 
Ауыл баласы – «жалаң аяқ жар ке­шіп, қызыл аяқ қыр кешкен» табиғат пер­зенті. Жастайынан жаратылыс сы­рына, үлкендердің тәжірибесіне ортақ­тасады, халық тілінен сусындайды. Өсімдіктер әлемімен, жәндіктер дүниесімен етене жақындасады. Көреді, ұстайды, көңіліне түйеді. Задында, қазақ тілінде бес мыңдай өсімдік атаулары бар. Айталық, Көкшетаудың Абылай хан әулеті қоныстанған Елікті тауының Жіңішке аталатын тоғайында төрт түлік сүйсініп жейтін шөптің 50 түрі бар екен. Осыларды қазақ қоғамының балауса балғындары біліп өсті, қасиеттерін айыра білді. 
Ауыл баласы ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да, еңбектенуге де айрықша тө­зімді. Әрі көргіш, әрі сезімтал! Зат­ты­лығы қандай!
Сахна саңлағы Серке Қожам­құ­лов­тың: «Туған жерім – менің тұңғыш те­атрым. Осында талай шығармаға кей­іпкер боларлық неше түрлі адамдар болды... Ауылдастарымның мінез-құл­қын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін, дра­ма­лық нотасын үйрендім, сабақ алдым. Соларды айнытпай жасауға, дауыстарын дәл салуға тырыстым» дегені бар. 
Бұл күнде атақтылар туған ауыл­дардың тағдыры ойландырады. Бес мың жылдық тарихы бар Ботай, Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин туған Қойсалған, академик Ебіней Бөкетов дүниеге келген Дағанаты, мемлекет және қо­ғам қайраткері Кәкімбек Салықов ту­ған Еңбек және басқа да ауылдар, Абайша айт­қанда, «елсіз жер де тұрғандай хаққа мүл­гіп».
Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүл­денеміз бәріміз!» деп мәлімдеген-ді. Ендеше, республика аумағында алтын бесік ауылға жан-жақты қамқорлық жасау, ахуалын жақсарту – ауыл баласын, яғни адам капиталын өркендету деген сөз! 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу