Аңқасы да, қаңқасы да кеппейді

Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жерді пайдалану тиімділігін көтеру мәселесі – агроөнеркәсіп кеше­нін дамытудың ажырамас бір тармағы ретінде айтылды. Әрі бұл міндетті іске асырудың бас­ты жолдарының бірі суармалы ал­қаптардың көлемін кеңей­ту екендігі көрсетілді.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 3479
2

Міне, Мем­лекет басшысының Жол­дауын­да Үкімет пен әкімдерге бер­ген басты тапсырмасының бірі осын­дай. Бүгінгі күні Прези­дент тапсырмасының орындалуы қандай деңгейде? Біз бұл сауал­ға еліміздегі аграрлық өн­ді­рі­сі біршама жақсы дамыған өңір­­лер­дің бірі Ақтөбе облысы мы­салын­да жауап іздегенді жөн көрдік. 

Суландырылатын алқаптар көлемі­нің өсуіне қажетті негізгі фак­тор су қоймалары екені белгілі. Егер бұл гидроинженерлік жүйелер аң­қа­сы мен қаңқасы қатар кеуіп бос тұрса суармалы жердің көлемін көтеру жөніндегі мәселелер әншейін құр, бос сөз күйінде қалып қоймақ. Сон­дық­тан бүгінгі күні бұларды қай­та құрылымдау, сонымен бірге, қосым­ша су қоймаларын салу қай кез­дегі­ден де қажеттірек. Өңірде Пре­зи­­дент тапсырмасын орындау дәл осы мәселеден бастау алып отыр. Мұны айтқанда біз бұл іс бұ­рын жүр­гізілмеген екен деген ой­ды мең­зеу­ден аулақпыз. Әрине жүргі­зілген. Алайда, кейінгі кезде бұған мүлдем жаңаша көзқарас, соны серпін берілген. 

Облыста аталған саладағы бас­ты нысан – Сазды су қоймасы. Қазір жергілікті атқарушы органдар тара­пынан оны қайта жаңғырту мен қайта құрылымдауға баса назар ауда­­ры­лып келеді. «Қазақ СуШар» РММ Ақтөбе филиалының басшысы Бекзат Нәметовтің мәлімдеуінше, аталған гидроинженерлік құрылым­ның кейбір қондырғылары мен жаб­дықтары табаны күректей қырық тоғыз жыл бойы үздіксіз пайдалануда болып келіпті. Әйтсе де, қазіргі күнге дейін соның бәрі толықтай қа­л­­пы­на келтіріліпті. Басты мәселе түп­кі нәтижеге қол жеткізу емес пе? Осы тұрғыдан қарастырғанда қай­та құ­ры­лымдау ісінің нәтижелі бол­­ға­нын аңғару қиын емес. Ай­талық, бұған дейін Сазды су қоймасының сыйымдылығы 6 мил­лион текше метр болса, күрделі жөн­деу жұмыстарынан кейін бұл көр­сеткіш 7,5 миллион текше метрге дейін жеткізіліпті. Со­ны­мен бір­ге, қой­ма­ның суару қабі­леті 400 гектар­дан 1000 гектарға дейін ұлғайтылмақ.

Бүгінгі күні аталған су қоймасын үйінділер мен шөгінділерден тазарту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Гид­ро­нысанға су есептегіш құрал­дар ор­нату жұмыстарына да ерекше мән берілген. Бейнелеп айтқанда, су қой­масы дегеніңіз ішкі және сыртқы жаб­дық­тары, жарықтандыру жүйесі бір-бірі­мен тығыз ұштасып, үндесіп жат­­қан тұтас бір автономия іспеттес. Мұ­н­дай жағдайда күзет бекеттерін құру мен бейнебақылаулар ор­нату мәсе­лесін де назардан тыс қал­дыруға бол­май­ды. Қазір Сазды су қоймасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың елеу­лі бір бөлігін осындай қосымша құры­лымдық жүйелер құрайды. Сон­дай-ақ, тоғандардың жоталарына дабыл бағамдарын орнату мен оны ас­фальттау ісі де айрықша нысанның мәртебесін көтере түспек. Сазды су қоймасын қай­та құрылымдауға жергілікті бюд­жет­тен 132 миллион теңгеге жуық қара­жат бөлінген. Оның негізгі бөлігі құры­лыс-мон­таж жұмыстарына жұм­сал­мақ. Өт­кен жылы аталған сома­ның 30 мил­лион теңгелік мөлшері игеріл­­ген. Ал биылғы жылы қойманы қай­та жаб­дықтауға бөлінген қомақты қара­­жатты түгелге дерлік игеру көз­­делген. Тұтастай алғанда, облыс әкім­­дігі тара­пы­нан аймақтағы жұ­мыс істеп тұрған су қой­мала­ры­ның екін­ші тынысын ашу шаралары бел­гі­­лен­ген. Бұл үшін бірінші кезекте олар­дың техникалық жағ­дайын одан әрі жақсартуға көңіл бөлінген. 


Мемлекет басшысы өз Жол­дау­ында агроөнеркәсіп кешенін да­мыту жаңа мемлекеттік бағ­дар­ламалар аясында іске асы­ры­латынын атап көрсеткені белгілі. Бұл бағытта белгіленген өңірлік бағ­дарлама 2017-2021 жылдар ара­лығын қамтиды. Соған сәйкес об­лыста көрсетілген кезеңде 10 жа­ңа су қоймасының құрылымын жо­балау қарастырылмақ. Аймақта суармалы жерлер көлемін көтеру жөніндегі үлкен істің басы осы гид­роинженерлік жүйелер құ­ры­лысынан бастау алатыны анық. Облыс аумағында, жоғарыда ай­тылғандай, 10 жаңа су қоймасы са­лынған кезде 600 миллион текше метр­ге дейін қар суын жинақтай алады екен. Алдын ала жасалған зерт­теулер мен болжамдар осындай есептер жасауға мүмкіндік береді.

Ақтөбе республикамыздағы ең үлкен, әйтсе де жартылай шө­лейтті облыстардың бірі. Мұн­да жерді тиімді пайдаланып, ба­бын таба білсе бұл жағдай ауыл­шаруашылық өнімдерінің ар­туына оң әсерін тигізбек. Облыста суар­малы алқаптар көлемін ұлғайту мә­се­лесіне жан-жақты көңіл бөлініп отыр­ғаны да сондықтан. Аталған жа­уапты міндетті екі кезең бой­ынша іске асыру жөнінде нақты бағ­дарлама қабылданған. Оның бірінші кезеңінде алқаптар аумағы бұған дейінгі 18 700 гектардан 40 мың гектарға дейін ұлғаймақ. Ал екінші кезеңде оның көлемі алдымен 70 мың, содан кейін 80 мың гектарды құрайды деп кү­тілуде.


Бұған жеткізетін жолдың басы жоғарыда айтып өткеніміздей, он саусақтай он жаңа су қоймасын салу болмақ.


Темір ҚҰСАЙЫН, "Егемен Қазақстан"

Ақтөбе облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу