Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киімдер қымбат болмауы керек

Аңсаған Мұстафа - Қазақстандағы белгілі блогерлердің бірі, әлеуметтік желілер арқылы танылған суретші. Ол қоғамдағы түрлі құбылыстарға көзқарасын өзінің қарапайым, бірақ мағынасы терең ақ-қара суреттерімен білдіреді. Еgemen.kz тілшісі Аңсаған Мұстафамен кездесіп, әңгімелескен еді.

Егемен Қазақстан
12.01.2017 9528
2

- Аңсаған, сіздің әлеуметтік тақырыптағы суреттеріңіз адамдарға ой салады. Бұрын суреттеріңіз аптасына бір рет шығатын еді. Бірақ кейінгі уақыттары көрмей жүрміз. Оның себебі не? 

- Қазір тура сол қарқынмен, тура сол екпінмен ұлттық нақыштағы футболкалар дайындап жатырмын. Бұрын таңертеңнен кешке дейін әлеуметтік тақырыптарды ойлап жүретінмін. Ал қазір ұжымда 7-8 адам бар. Оларды жинап алып, өзім әлеуметтік тақырыпта сурет салып отырғаным тағы біртүрлі секілді.

- Негізі, әлеуметтік тақырыпқа қашан, қалай келдіңіз?

- Қарап отырсам, ең бірінші суретім 15 жасымда салынған екен. Ол «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп аталады. Көбі таң қалып, әлеуметтік мәселелерді суреттерді сөйлете отырып көрсетесің деп жатады.

Аңсаған Мұстафаның алғашқы суреті

11 жасымда анам «Ақ босаға» газетін ашты. Мен редакцияда өстім десем де болады. Сол кезде түрлі тағдырлардың куәсі болдым. Проблемаларды өз көзіммен көрген соң, қорқып өстім, көңілге түйгенім де болды. Бір күні редакцияға келген әйел күйеуі ұрып-соғатынын айтып, жағдайын түсіндірді. Алматыдағы туыстарын тауып алғанша баласын қалдыра тұрайын деді. Сөйтіп, баланы анам алып қалды. Бірақ кешке әлгі әйел келмеді, ертеңінде де солай. Ол баласын тастап кеткенін сезгенде, полиция шақырдық. Олар «Неге ерте шақырмағансыңдар, біреудің баласын неге алып қалдыңдар?» деп өзімізді сұрақтың астына алды. Әлгі бала жетімдер үйіне түсті. Балаға үш-төрт рет бардық. Анамды мама деп, жылап қалатын. Келесі барғанымызда бізге келмеді. Сол кезде өзім кішкентай баламын. Зәрем ұшып, қорқып қалдым. Осындай фактілер әлеуметтік тақырыптарға бет бұрғызды. Сондай суреттерді көп салдым.

- Суреттеріңіздің халық арасында кең тарай бастағаны қашан еді?

- 2010 жылы Фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелдім. Онда әркім өзінің өлеңін салады, әңгіме жазады. Сөйтіп лайкомания деген ауруға ұшырадық. Ол кезде «Ақ босаға» газетіне иллюстрация салатынмын. Газет шыққанда оны суретке түсіріп, мынау менің жұмысым деп көрсететінмін. Сөйтіп, лайк көбейе бастады. Содан «Ақ босаға» газеті шыққанша шыдамым жетпей, бірінші газетке емес, парақшама сала бастадым. Ойлап қарасам, бұл жақсы дүние екен. Себебі, желідегі қыздар суретті көрдім, ойландым деп хат жаза бастады. Жастар әлеуметтік желіде көп отыратын болған соң, оларға әсер ететінін көрдім. Босқа отырмай, аздап болса да осындай ой сала жүрейін деп шештім.

- Сурет мектебінде оқығаныңызды білеміз. Оған ауысуыңыздың өзі қызық екен. Сол туралы айта отырсаңыз.

- 3 сыныпты бітіріп, жазғы демалысқа шыққан бойда әкем «Шашыңды тақырлатып алып тастасаң, «Кама» велосипедін алып беремін», деді. Өзім ұл бала секілді өстім. Сол уәде бойынша каникулға шыға салысымен шашты алдық. Велосипед арманым еді. Шаш қажет емес, велосипед керек (күлді). Бір күні мұғалімнің шақыруымен мектепке барсақ, мені көрген сыныптастарым ду күлді. Мен ол мектепке бармаспын деген соң, әке-шешем басқа мектеп іздеді. Сөйтіп, көркемсурет колледжі жанындағы мектепке ауыстым.

- Бұл мектепке ауыспас бұрын өзіңізде сурет салуға деген әуестік немесе қабілет болды ма? 

- Ондай ештеңе болған жоқ. Барлығын мектепте үйретті. Шыны керек, үйге жақын мектеп болғаннан кейін ғана бардым. Біреулер талант деп жатады ғой. Менің ойымша, таланты бар ма, жоқ па бәрібір, адамда еңбек болса, ол кез келген нәрсені үйреніп алады.

- Сол мектептен кейін осы бағытпен кеттіңіз бе? 

- Иә. Мектептен кейін колледжде графикалық дизайн, академияда дизайнерлікті оқыдым.

- Суреттеріңіздің ішінде телефонға тәуелділік туралы тақырып көп екен.

- Суреттерімнің бәрін ойдан шығарғанмен, бәрібір өмірден аламын. Үйде, жұмыста, көшеде көргендерім идеяға айналады. Қазір телефонның айтқанын істейтін болдық қой. Телефонды уақытында қуаттаймыз, қажет болса ақша саламыз. Телефонды құшақтап жатамыз. Ол дұрыс емес.

Көп адам үйлеріндегі көрініс тура сол суреттердегідей екенін жазып жатады. Кейбіреуі суретке қарап ыңғайсызданып қалдым дейді. Біреулер ұрлығымды ашып қойғандай болдыңыз дейді. Телефонға байланысты ең бірінші «Кеш» деген сурет салдым. Тағы бір суретке Жандос Байділдә деген кісі "Бір қолымен әлемді, бір қолымен баланы тербетеді" деген мақалды алып, бесік тербетіп отырған ананың бір қолына телефон ұстатып салуымды сұрады.

 - Суреттеріңізде отбасылық проблемаларды да көп қозғайсыз. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсеңіз...

- Суреттеріме идея айтатындар көп. Өзіме ой келгенде сөзі де, сурет те бірге келеді. Ал біреу айтса, кейде шықпай қалып жатады. Кейде жақсы идеялар айтылса да, оларды жеткізу қиын болады. Отбасы тақырыбындағы суреттер де солай туындады. Бірде жаңалықтардан әкесі баласын ұрғаны туралы көрсетті. Соған салған суретіме жігіттердің өзі жылағым келіп кетті ғой деп жазып жатты.

Мына сурет «Жексенбілік әке» деп аталады. Бірінші отбасыдан ажырасқан, жексенбі сайын сонда қалған баласын қыдыртады. Басқа балалары күтіп отырады. Осылай жүргендер баршылық. Екі жақтағы балаларға да обал. Әрқайсысы әкесін күнде көргісі келеді ғой. Қызғаныш сезімі де алғаш осындай жағдайларда туындап жатады.

«Мені неге теледидар қылмадың?» деген суреттің идеясын ватсабыма келген видеодан алдым. Мысалы, бір суретті үйіміздің қасындағы сауда орталығы қасында темекі шегіп тұрған жүкті әйелді көрген соң салдым. Күнде бірнеше рет көрген соң бір күні суретті салып, терезеге ары қаратып жабыстырып қойдым. Кейін осы сурет интернетке шыққан соң, көбі қоғамдық орындарға ілетін болыпты. Негізі, суреттерімнің көбін қоғамда кездесетін оқиғалардан алдым. Жыл сайын қыздар бой жетіп, ұлдар ер жетеді. Мысалы, мына «Мамам мені өлтіретін шығар» деген суретке 12 жастағы бала көңіл аудармайды. Ал ертең 15-16-ға келген кезде ойлана бастайды. Яғни, бұл айналып келе беретін тақырып.

Ең көп тараған осы сурет болды. Өз көзіммен он шақты тілде көрдім. Түрікше шыққан кезде көбі сенбеді. Сенен көшіруі мүмкін емес дегендер болды. Бірде жаңалықтардан баласын қоқысқа тастап кеткен ана туралы естідім. Бұл сурет сол кезде пайда болған.

- Көп суреттеріңізді ана мен балаға арнап салғаныңыз да байқалады... 

- Бұл тақырыпта "Анаға хат" деген сурет бар. Жетімдер үйінің баласы анасына хат жазады. Жіберейін десе, мекен-жайын білмейді. Осы суретті бейнеролик қылып та істедім. Баланың хатын өзімнің қызыма оқыттым. Қыздарға сабақ болсын дегенім ғой. Еуразия Ұлттық университетіне хабарласып, осы суретті қыздарға таратқым келетінін айттым. олар келісіп, 2 мың данасын тараттық. Бұл теңіздегі тамшымен тең болса да, қолдан келетіні осы.

 - Арасында жеңіл тақырыптарды қозғап, махаббат туралы суреттер де жариялап тұратын едіңіз...

- Интернетте отырғаннан кейін, тек ұрса бермей, жастарды қызықтырып отыру керек. Сондықтан арасында сондай суреттерді де жиі жарияладым. Соның ішінде «Тазару» деген суретті шығарған күн Бразиялияда махаббат күні екен. Сол суретті олардың сайттары салып, тез тарап кеткені бар.

- Алғашқы көрмеңіз Астанада өтті. Көрме туралы ой қалай келді?

- Негізі, көрмені жасайтын ойым болған жоқ. Бір күні танысым ойда жоқта көрме қашан деп сұрады. Мен бұйырған күні десем, ол нақты жауап айт деді. Сөйтіп, күзде деп айттым. Көрме өткізетін жер іздеп ұзақ жүрдім. Керуен сауда орталығын таңдамақ болдым. Олар негатив керек емес деді. Кітапхана кейінге шегерді. Музейде өткізейін десем, ол жерде адам аз. Шынымды айтсам, маған өнер сыншыларының пікірі маңызды емес. Олардың ойларынан гөрі, маған жастар керек. Соларды ойландырғым келді. Алғашқы көрме Гумилев атындағы университетте өтті.

- Басқа қалада өткен көрмелер қалай ұйымдастырылды?

- Астанада көрме өткен күні Алматыдағы метродан хабарласып, осы көрмені қоюымды сұрады. Екі апта университетте тұратынын айтып едім, «Содан кейін бізде өтсін, біз жарнамалай береміз», деді. Одан кейін Шымкенттен сол кездегі ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли хабарласты. Ол жақта да бізге қашан келеді деп сұрап жатыр екен. Алматыдағы көрмеден соң арасына 3-4 күн салып, сонда өткізетін болдық. Теміртауда, Жамбылда, Талдықорғанда, Қызылордада, Атырауда өтті. Қазір суреттер Пирамидада тұр. Олар бізде тұрсын, бір жақта болып жатса, аларсың деген соң, сол жерге тұрақты көрме қылып қойдық.

- Бір суретіңіздің идеясын Қызылордадағы көрмеде Қырымбек Көшербаев айтты деп естідім. Сол рас па?

- Рас. Қызылордадағы көрмеге әкім келді. Мен суреттерімді таныстыра бастап едім, тоқтатып тастап, өзінің ұнататын, оған ерекше әсер еткен суреттерді көрсете бастады. Сөйтсем, менің суреттеріммен жіті таныс екен. Таң қалдым. Сосын «Қазір қазақтар жатады деген сөзді жиі қолданады. Осы сөздің өзі дұрыс емес. Барайын деп жатырмын, жұмыс іздеп жатырмын дейді. Осыған бірдеңе салшы», деді. Идея жақсы. Суретін салдық.

- Қателеспесем, футболка туралы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ой тастаған болатынсыз?

- Иә, Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады дегенді естіп, қатты қуандым. Суретші ретінде өз тарапымнан не қоса аламын деп ойландым. Сосын жазда бәрі қазақша оюмен, қазақы нақышта киініп жүрсе деген ой келді. Фотосалондар өзің қалаған суретпен футболкаға жасайтынын білемін. Мен сурет салсам, ұнатқан адам өзі сол фотосалондарға жасатып алар деп, әлеуметтік желіге ойымды жаздым. «Егер 550 лайктан асса, осындай қазақы футболканың 55 түрін саламын» деп жазып едім, көрсеткіш мыңнан асып кетті. Сөйтіп, хандығымыздың 550 жылдығын жарты жыл бойы сурет салдым. Салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ата-бабаларымыз бен батырларды қамтуға тырыстым. Барлығы дайын болған соң Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің 55 студенті футболкаларды киіп, флешмоб ұйымдастырды. Одан кейін Таразда үлкен той болған кезде, дизайнын интернет арқылы салып жібердім. Олар өздері футболкаға шығарып, сол киіммен дүбірлі тойда би билетті.

- Ол кезде әркім өзі жасатып алатын еді. Ал өзіңіз футболкалар шығару туралы ой қалай келді?

- «Мамам мені өлтіретін шығар» деген сурет тарап кеткен кезде шетелдік достар көп пайда болды. Сол кезде Италияның Сиракуза қаласынан Benedetto Speranza деген кісі хат жазды. Футболкаларды өзің жасап сатып жатырсың ба деп сұрады. Жоқ, елдер өздері жасатып жатыр десем, ол таң қалады. Дизайндары тегін ба деп сұрайды. Иә десем, жарты жылдық еңбегіңді тегін таратқаның не дейді. Мен оған «Сіз білесіз бе, бізде отаны үшін өмірін береді, жарты жыл еңбек деген не?» деп жауап бердім. Сол кісі өзі футболка шығарумен айналысады екен. Маған видео арқылы қоңырау шалды. Гугл аудармашымен аударып, қажетті құралдардың қазақша атауларын жабыстырып қойыпты. Солардың бәрін көрсетіп, таныстырып, бәрін түсіндірді. «Маған ең қиыны, сурет салу. Ал сен өзің саласың емес пе?» деді. Бір суретіме клише жасап, поштамен салып жіберді. Сөйтіп, осы істі қолға алуға себепкер болды. Ұсыныс көп болды. Әсіресе ауылды жерлерден өзің істетіп беріп жіберші, бізде фотосалон жоқ дегендерге салып жіберіп отыратынмын. Мен футболкаға салатын суреттерге көп уақытымды жұмсаймын. Себебі, шынайы болу керек деп ойлаймын. Мысалы, бөріні салсам, ол тұп-тура бөріге ұқсап тұруы керек. Соған уақытымды арнаймын. Қазір ansa.kz деген сайтымыз бар. Сол сайтта 600-ден астам әртүрлі суреттері бар футболкалар жиналып қалды. Футболкалар шығарғандағы мақсатым – ұлттық нақыштағы тауар қымбат болуы керек деген ойды түбегейлі жою. Менің ойымша, кез келген қазақ ою-өрнегі бар киімді қиналмай сатып алатындай болу керек. Сол үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін, бұйырса.

- Қазір футболкаға кіріскелі әлеуметтік суреттеріңіз азайды. Сол екеуін біріктіріп көрмедіңіз бе?

- Әрине, көрдім. Бірақ әлеуметтік суреттерді футболкаға салуға тапсырыс жоқ. Сұраныс болмаған соң, оған басымдық беру қиын.

- Әлеуметтік суреттеріңізді іздеп, қашан шығарасыз деп сұрап жатқандар бар ма?

- Іздейді, сұрайды. Неге қойып кеттің дейтіндер бар. Оларға бір күні қайтып келетінімді айтып жатырмын. Себебі, халыққа ой тастағым келеді. Бұл менің сүйікті тақырыбым ғой. Бірақ жоғарыда айтқанымдай, ұжым жинап алып, өзім басқа тірлікпен отырғаным ерсі болар деп есептеймін. Әлеуметтік тақырыптағы суреттерден пайда жоқ, неге саласың, уақытыңды неге кетіресің дегендер де бар. Мен оларға «Пайда бар. Пайдам – балаларым өсіп келе жатыр, солар тәрбиелі, жақсы қоғамда өмір сүргенін қалаймын. Болашақ ұрпақ бақытты болса, маған одан артық не керек?» деймін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Гүлнұр Қуанышбекқызы,

«Егемен Қазақстан»    

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу