Ақкесене ақиқаты

Әулиеата өңірінде орналасқан Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелері мен ежелгі ескерткіштер көне заманнан сыр тартып, кешегі тарихты бүгінмен сабақтастырып тұр. Есте жоқ ескі замандардан күні бүгінге дейін жетіп отырған тарихи жәдігерлердің бойындағы тылсым сыр, жұмбақ күй көне дәуірдің көркем көріністерін көз алдымызға келтіреді. Тарих толқынында тербелген таңғажайып сәулет ескерткіштері тарихымен де, тағдырымен де қызықтырады.
Егемен Қазақстан
06.04.2017 6460
2

Төменгі Талас бойын жағалай орын тепкен тарихи жәдігерлер бүгінде көзіқарақты көпшілікке таныс. Сол ортағасырлық ескерткіштердің өзі-ақ ұлттың ұлы тарихын жаһанға әйгілеп тұр. Талас ауданының Үшарал ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан Ақ­кесене қарауыл мұнара бекінісі де ға­сырлар бойы ғаламат қалпын сақтаған көне жәдігер. Тарихқа сүйенсек, Ақкесене қарауыл мұнарасын 1896 жылы алғаш рет өлкетанушы Василий Каллаур зерттеген екен. Сондай-ақ, Ақкесененің ақиқатын ашу үшін 1945-1949 жылдары Жамбыл об­лыстық тарихи-өлкетану музейі, 1980 жылы «Қазжобажаңғырту» мекемесі жұмыс жүргізген. Зерттеу нәтижелері бойын­ша бекіністің сары топыраққа іргетассыз қалан­ғаны анықталған. Сондай-ақ, Кал­лаурдың жазуынша, Ақкесененің мұнараға ұқсас екені де белгілі болған. 

– Бекініс бұрыштарында мұнаралары бар, қабырғалармен қоршалған, тік бұрышты алаңқай. Бекініс шығысындағы Ақкесене деген атпен белгілі мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 метр, биіктігі 9 метр. Мұнараның құрылысы ХVІІ ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар. Қазба жұмыстарынан табылған қыш материалдарда суармалы емес қыштардың сынықтары кездеседі. Ал қамал одан бұрын, яғни ХІІ-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл уақытты анықтау қиын. Сонымен, мұнара-бекіністің мерзімі туралы әртүрлі болжамдар бар, – дейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің бөлім басшысы Алмас Мұхтаров.

Ақкесене бекінісінің қандай мақсатта салынғаны белгісіз. Дегенмен, кешегі жаугер­шілік заманда жау аңысын аңдып, қазақ даласына қия бастырмау үшін салынған болуы мүмкін деген ой келеді. Өйткені, бекіністің қалыңдығы 3 метрлік қабырғалардан тұрғы­зылған. Талай ғасырларды артқа тас­тап, ақиқатын толық ашпаған күйі бүгінгі күнге жеткен Ақкесене бекінісі Ұлы даланың ғажап құндылығы екені даусыз.


Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу