Ақпарат кеңістігіндегі міндеттер айқындалды

Кеше Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда Қазақстандағы ақпарат кеңістігінің былтырғы жылғы нәтижелері қамтылып, биылғы жылға қойылған міндеттер айқындалды.

Егемен Қазақстан
10.02.2017 4104
2

2016 жылдың қорытындысы қандай?

Кеңейтілген алқа отырысын­да өткен жылдың жұмысын қорытын­ды­лаған Ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәурен Абаев мемле­кет­тік газеттердің жұмысына тоқтал­ды. «Баспа басылымдарын дамыту жұ­мыстары шеңберінде 2016 жылы «Егемен Қазақстан» және «Казах­станская правда» газеттерінің редизайны жасалды. Қазіргі күні бұл газеттер толықтай түрлі-түсті форматта жарық көруде. Басылымдардың бет-бейнесі заманға сай өзгертіліп, сонымен қатар, сайттары да жаңғыртудан өткізілді», – деді Д.Абаев.

Баяндама барысында министр былтыр мемлекеттік телеарналардың жаңартылғанын да атап өтті. «Kazakh TV» және «Білім және мәде­ниет» арналары «Kazakh TV» ортақ брендімен біріктірілді. «24.kz» теле­арна­сының ребрендингі жүргізілді. Оның тұжырымдамасы мен хабарлан­дыру желісі қайта қаралды. «Каzsport» телеарнасы хабарландыруды НD форматында бастады. «Қазақ­­стан» РТРК өңірлік желісінің жұмы­сы күшей­тілді – контентті толтыру проце­сі орталықтандырылды, хабарлан­ды­рудың жаңа форматтары енгізілді», – деді министр.

Сонымен қатар, ол өңірлік телестудияларды техникалық жаңарту жоспарланғанын айтты. Осы мәселелерді көтерген министр жалпы отандық телеарналарға халықтың не себепті көңілі толмайтынына да тоқталды. «Біз жүргізген социологиялық сауалдамаларға сәйкес, жарнаманың тым көп болуы, өңірлік контенттің жоқтығы, Қазақстан туралы танымдық телебағдарламалардың жетіспеушілігі және қазақстандық те­ле­арналарда кәсіби журналистер дең­гейінің төмендігі халық наразы­лығын туғызатыны анықталды. Біздің телеарналарға осы жайында ойланып, қажетті іс-шаралар жүргізу қажет», – деді Д.Абаев.

Қауіпті 110 мың материал жойылды

2016 жылы 150 мыңнан астам ақпараттық материалға қатысты 500 ескерту хаты жолданған. Нәтижесінде, меншік иелері терроризм мен діни экстремизм, зорлық-зомбылық пен суицид идеяларын насихаттау белгілері бар құқыққа қайшы 110 мыңнан астам материал жойылған. Министрдің айтуынша, мұнан бөлек, 31 мыңнан астам ақпараттық материалға қатысты ұйғарым шығарылыпты. Оның 26 мыңнан астамы зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттау мазмұнында болған. Сот органдарына 164 сілтеме мен интернет ресурсқа қатысты 17 талап-арыз беріліп, сәйкесінше шешім қабылданған.

Жиында белгілі болғандай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құ­қыққа қайшы контенттермен кү­рес­­те шетелдік жетекші әлеуметтік же­­­лі­­­лер­­мен және іздеу қызметтерімен ты­ғыз ын­тымақтастықты жолға қойған. «Министрлік заңнама талап­тары­ның сақталуын қадағалау үшін ақпа­раттық алаңға мониторингті тұрақты негізде жүргізеді және бұл соңғы уақытта барынша өзекті бола түсті. Құ­қық­қа қайшы контент көлемі бұрын-соң­ды болып көрмеген ауқымға ие болды. Бұл ретте, біздің азаматтарға, әсіресе, жасөспірімдер мен балаларға дес­труктивті ықпалды ескермесе бол­майды. Мұны өздеріңіз де жақсы біле­сіздер», – деді министр.

Толыққанды ақпарат беруден қашпау керек

Д.Абаев бүгінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ашық ақпаратты жариялау жағы ақсап тұрғанын жеткізді. Оның айтуынша, министрлік жүргізген мониторинг барысында орталық мемлекеттік органдардың ішінде Энергетика министрлігі, Әділет министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ресми сайттарында толыққанды ақпарат бар екені анықталған. Ал жергілікті атқарушы органдардың ішінде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының порталдары алда тұр. Осыған орай, министр «Ақпарат туралы» Заң күшіне енгелі бері біршама өзгерістер байқалса да, ашық ақпаратты ресми сайттарда жариялау жұмысы әлі де ақсап келетінін айтты. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар өз сайттарын ағылшын тілінде жүргізуге асықпайтындығы да сөз болды. Ал бұл өз кезегінде олардың жұмысына шетелдік сарапшылардың баға беруіне кедергі келтіреді.

Egov.kz «Үздік мобильдік үкімет қызметі» сыйлығына ұсынылды

Кеңейтілген отырыс барысын­да өткен айда Біріккен Араб Әмір­лік­тері­нің Үкіметі еgov.kz мобильдік қосым­ша­сын «Үздік мобильдік үкімет қыз­меті» сыйлығына ұсынғаны белгілі болды. Министрдің айтуынша, бүгінде «элек­трондық үкімет» инфрақұры­лымы арқылы 761 электрондық қызмет жүзеге асырылуда.

Бұл еgov веб-порталының 240 электрондық қыз­меті, электрондық рұқсат етілім бойын­ша 86 қызмет түрі мен 435 элек­трондық шешімнің берілуі. «2016 жылы портал арқылы 41 млн қызмет түрі жүзеге асырылды. Сонымен қатар, мобильдік қосымша арқылы да жұ­мыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда аталмыш форматта қызметтің 83 түрі бар. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы бірыңғай қол­же­тімділік нүктесі арқылы қызметтің 77 пайызын ұсынып отыр. 2016 жылы Мемлекеттік корпорация 36 млн қызмет түрін ұсынды», – деді Д.Абаев.

Интернет қолданушылар саны артты

Қазіргі заманғы телеком­муни­кациялық инфрақұрылымды құру қорытындысы бойынша 2016 жылы интернет қолданушылардың саны 72,9 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш Қа­зақстанды Жаһандық бәсекелестіктің индексі рейтингісінде 41-ші орынға шығарды. Ал қазір Қазақстанда 3G және 4G желілері белсенді дамып келеді. Олардың саны 14,2 млн-ға жеткен. 2017 жылдың соңына таман 4G желісімен барлық аудан орталықтарын қамту жоспарланып отыр екен.

2016 жылы республикалық бюджетке 72 млрд теңге радиожиілік саласы бо­йынша кіріс түскен. Министр айтып өткендей, қала мен ауыл арасындағы «цифрлық тең­сіз­дікті» төмендету мақсатында министр­лік 2020 жылға дейін 3 мың ауылды оптикалық-талшықты байланыс же­лі­сімен қамтуды жоспарлап отырған көрінеді.

2017 жылға қандай міндеттер жүктелді?

Ақпарат және коммуникациялар министрі 2017 жылы мемлекеттік баспасөз құралдарының алдында тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды. «Ең алдымен сараптамаға, талдау материалдарына көптеп орын беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі күні ақпарат өте тез таратылады. Сондықтан, сол ақпараттар мазмұны мен сараптамасына сай болуы тиіс.

Тағы бір міндет – шет елдерден фрилансерлер тарту жолдарын қарастыру қажет. Сонымен бірге, шет елдің талдаушы мамандар пулы мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдалану керек», – деді Абаев. Сонымен қатар, министр телеарна мен радионы дамыту бойынша жұмыстардың бірнеше басымдықтарын атады. Бұл ретте, ол, ең алдымен, отандық сериалдардың шетелдік сериалдармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

2017 жылы коммерциялық телеарна­лардағы сериалдық өнім санын арттыру жоспарлануда. Сериалдар негізінде кино прокаты қызметін іске асыру үшін толықметражды киноленталар жасалатын болады. Сондай-ақ, KPI жүйесін енгізу арқылы телерадиоарналар қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігін арттыру, персоналды конкурстық іріктеуді жетілдіру және кадрлар резервін қалыптастыру талап етіледі. Тағы бір басымдық ретінде министр осы жылдың мамыр айында ашылатын «Ел арна» телеарнасын атады.

«Ресурс қазақстандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды көрсетеді. Жоба отандық кинематографты дамытуға, жаңадан бастаған режиссерлер мен тәуелсіз киностудияларды қолдауға, сондай-ақ халық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған», – деді министр. Бұдан бөлек, еліміздің шекара маңы аймақтарында мемлекеттік радиоарналардың жұмыс істеу сапасы және қамтылу аймағы ұлғайтылады. Сондай-ақ, телеарналарды HD форматына көшіру жұмыстары жал­ғас­тырылады. Осы жұмыстардан кейін ғана же­текші әлемдік ресурстармен шы­найы бәсекеге түсетін боламыз.

Д.Абаев тағы бір басымдық ре­тін­де биылғы жылы сандық эфирлік теле­таратуды енгізу аясында 244 радио­те­левизиялық станса салынып, пай­далануға берілетінін атады. Министр­дің айтуынша, жылдың соңына дейін Қазақстанның бірқатар облыстарында сандық таратуға толықтай көшу жос­парлануда. Соңында министр Ақпарат ко­ми­тетіне БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментімен бірлесіп, барлық шараның сапалы орындалуына бақылау жүргізуді тапсырды.

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу