Арқаны кеңге салар кезең емес

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында  биылғы жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 3251
2

Баяғы жартас – бір жартас...

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды». Кеше Үкімет бас­шысы биыл да жыр болған ел­дегі су тасқыны мәселесіне қатысты дәл осылай деді. Отырыстың негіз­гі күн тәртібін талқылауға көш­пес бұрын Б.Сағынтаев су басу қау­пінде тұрған және су басып жатқан облыстар әкімдерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрінің есебін тың­даған болатын. Премьер-Ми­нистр «баяғы жартас – бір жар­тас», жыл сайынғы мәселені шеше алмай отырғандарға қатаң ес­керту жасады. Әкімдіктер мен жауап­ты мемлекеттік органдарға төтен­ше жағдайларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабыл­дап, аталған  мәселені ерекше ба­қы­лауға алуды тапсырды.

«Жұмыс жүргізіп жатырмыз, қатаң бақылауда деп үнемі айтамыз. Бірақ келеңсіз жағдайлар орын алып отыр. Апат айтып келмейді десек те, соған қарсы өзіміздің іс-шараларымыз дайын болуы тиіс. Көп жағдайда өзімізден кеткен қателіктерден осындай жайттар орын алуда. Сондықтан, әкімдер, Ішкі істер министрлігі жағдайды қатаң бақылауда ұстап, төтенше жағдайдың әрі қарай өршуіне жол бермеуі тиіс», деді Б.Сағынтаев.

 52 елді мекен зиян шекті

Ішкі істер министрі Қалмұ­хан­бет Қасымовтың айтуынша, өткен аптаның соңындағы қардың күрт еріп, нөсер жауынның салдары­нан су тасқыны қаупі күшейіп, өзен­дер мен су қоймаларындағы су дең­гейі көтерілген. Бүгінгі күні 7 өңір­дің  52 елді мекеніне тас­қын судың зияны тиген. «Өңірлер­де 1949 тұрғын үйді су басып, 120 автомобиль жолын су шайды. Қазір оның 68-і қайта қалпына кел­тірілді. Ең күрделі жағдай Ақмола облысында орын алуда. Онда 26 елді мекенде 893 үйді су басып, 2 418 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мұнда күрделі жағдай Атбасар қаласында болып отыр. Бұл жерде Жабай өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, өткен жылы салынған қорғаныс бөгетін бұзып кетті, 269  үй су астында қалды, 130-дан астам үйді су басу қаупі бар», деді министр. Сондай-ақ, ол ал­дағы аптада Нұра, Есіл, Жабай  және Колутон өзендеріндегі су дең­гейі­­нің артуы болжануына бай­ла­ныс­ты Қарағанды мен Ақмола об­лыс­тарындағы ахуал күрделене түсуі мүмкін екенін жеткізді.

Еліміздің тасқын су басқан өңір­­лерінен 6 мың адам қауіпсіз жер­ге көшірілген. 87 мыңнан ас­там мал басы қауіпсіз жерге шы­ға­ры­лып­ты.  Қазіргі уақытта су тасқы­ны сал­дарын жою үшін қауіпті учас­к­е­лерге 3 мыңнан ас­там адам жұмылдырылған.

Ішкі істер министрі, сонымен қатар еріген қар суы Астана қала­сына қауіп төндірмеуі үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын баян­дады. «Астана қаласы және оның аумағындағы елді мекен­дер су астында қалмауы үшін аста­налық су реттегішке 132 млн тонна текше метр еріген қар суы жиналды. Су реттегіш 450 млн тонна текше метр суды қабылдай алады. Астана су қоймасына осы деңгейде су жинала беретін болса, тәулік ішін­де су реттегіш суға толып кетеді. Салдарынан бө­гет бұзылып кетуі мүмкін. Осы­ған байланысты шұғыл түрде еріген қар суын Астана қаласы мен төмен орналасқан Ақмола облы­сын­дағы өңірлерде қауіпсіз түрде шығару мәселесі туындайды. Біз осы сұрақ жөнінде кеше Ауыл шаруа­шылығы министрлігімен және Астана қаласының әкімді­гімен ақылдастық», деді Ішкі істер министрі.

Су тасқынының себептері

Сонымен қатар, министр су тас­қы­нының орын алуының бас­ты себептерін айтып берді. «Бірін­шіден, биыл қар өте мол болып, шекті нормадан 3 есе асып кетті. Ал өткен аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері жаңбыр жауып, ол қардың күрт еруіне түрт­кі бол­ды. Соның салдарынан өзен­дер­­дегі, су қоймаларындағы су дең­­гейі көтерілді. Екіншіден, с­алын­ған жолдар әрине, бөгет ретін­­де пайдаға жарады. Бірақ, ері­ген сулар сол жолдардың бойын­да жиналып, суағарлардың болмауы салдарынан жолдарды шайып кетті»,  деді Қ.Қасымов. Үшіншіден, су қоймаларының  дұрыс есебі болмаған.  Яғни, су қоймаларының иелері жазғы мезгілде суды егінші­лікпен айналысатындарға және  өнер­кәсіптерге сату үшін көп жинап алуға тырысты.  Бірақ су қоймаларына судың мол мөлшері түсіп, бөгеттің бұзылмауы үшін мәж­бүрлі түрде суды көптеп ағызу­ға тура келді. «Ал тасқын су өзен арналарының төменгі сағаларына жайылып, елді мекендерді басып қалып отыр», деді министр.

  ІЖӨ өсімі – 3%

Кешегі Үкімет отырысында қарал­ған негізгі мәселе – ел­і­міздің биылғы жыл бойы­нша І тоқ­санындағы әлеуметтік-эко­но­микалық даму қорытын­ды­лары. Бұл мәселе бойынша баян­даған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан эко­­но­микасында 2016 жылдың І жар­ты­жылдығында қатты бай­қалған сыртқы жағымсыз әсерлер бүгінде толығымен жойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ел экономи­касы­ның жаңа сыртқы жағдайларға бейімделу кезеңі аяқталып, қал­пына келтіру өсіміне қарай ауыс­қанын айтты.

«Алдын ала деректер бойынша, 2017 жылдың І тоқсанында елдің ішкі жалпы өнімі 3 пайызға өскен, ал өткен жылдың бұл кезеңінде аз­даған қысқару байқалған бола­тын. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары экономика өсімінің негізгі күшіне айналды. Биылғы жылдың басында тау-кен өнеркәсібі нашар көрсеткіштерден жақсы көрсеткіштерге ауысқан және өнеркәсіптік өндіріс қарқынында үдерісті жалғастыруда. ІЖӨ өсімі­не ауыл шаруашылығындағы өн­ді­рістің 2,9 пайызға артқаны да оң әсерін тигізген. Бұдан өзге, құры­лыс саласы да жақсы ықпал етті», деді министр.

Кіріс көбейді

Ал бюджеттің орындалуы жа­йында баяндаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, 2017 жылдың І тоқсанының қоры­тын­дысы бойынша мем­ле­кет­тік бюджет кірістері жос­пар­лан­ған көрсеткіштерден асқан. Ми­нистрдің мәліметінше, өтк­ен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда өсім 116 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері есептік кезеңде 113 пайызға, оның ішін­де республикалық кірістер 105 пайызға, жергілікті бюджеттер 134 пайызға асыра орындалды. Республикалық бюджетке 1157 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Бұл жоспардағыдан 52 млрд теңгеге көп, ал өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 137 млрд теңгеге артық. Асыра орындау импорт көле­мінің 25 пайызға артуы, металл бағаларының өсуінен және тауар­ларды өткізуден түскен айна­лымдар есебінен орын алған.

Қаржы тиімсіз басқарылған 

«Мемлекеттік бюджет шығын­дары 97 пайызға орындалды. Рес­пуб­ликалық бюджет бойынша игеру 98 пайызды құрады, бұл жер­­гі­лікті бюджеттерге қара­ған­­да жақсырақ. Өңірлік бюд­жет­­тер 97 пайызға атқарылды. Рес­­пуб­ликалық бюджет шығын­дары 2 065 млрд теңгені құрады», деді Б.Сұлтанов. Ал бұл биыл жер­гілікті қаржы тиімсіз басқарылып, оны жоспарлаудың сапасы төмен­дегенін білдіреді.

«Жергілікті бюджеттердің шы­ғыс­тары 857 млрд теңгеге иге­рілді. 27 млрд теңге орындал­мады. Өңір­лердің шоттарындағы қал­дық­тар 339 млрд теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есе өсті (135 млрд теңге). Өсу бар­лық өңір­лерде орын алды. Бұл жер­гі­лікті қар­жы-қаражатты тиімсіз бас­­қаруды және жоспарлаудың сапа­­сы төмендегенін көрсетеді. Бюд­­жеттерді уақытында нақтылау кезін­­де осы қаражат басым шы­ғыс­­тарды қаржыландыруға бағыт­талатын еді», деді Қаржы ми­нистрі. Бұл ретте мемлекеттік ор­ган­дарда бюджет қаражатының то­лық игерілмеуіне байланысты сөз қозғаған Б.Сағынтаев мұн­дай жағдайдың орын алуы негіз­сіз екенін айтты. «Бізде сол бір нәр­се жылдан-жылға қайта­лана­ды – сапасыз жоспарлау мен кон­курс­тар­дың уақытылы өткізілмеуі орын алады. Орталықтандырылған дең­­гей­де еш проблема жоқ. Демек, мә­селе әкімшілер мен жергілікті жер­ле­рге келіп тіреледі», деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр сон­дай-ақ, биылғы жылдың бірін­ші жар­ты­жылдығында қаржы­лан­дыруды арттыру арқылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жү­зеге асыруды қаржыландыру жос­парын түзету қажеттігін ата­ды.  Сонымен қатар, бюджеттік бағ­дар­лама­лар әкімшілеріне мемлекет қара­жатын тиімді әрі уақытылы игеру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.  

Қаржы министрлігіне мем­лекеттік сатып алулар бойынша сәйкес заң жобасын уақытылы ұсыну тапсырылды.

Көрсеткіштер көңілден шықпады

Үкімет басшысы сондай-ақ, Энер­гетика министрі, Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі, Инвестициялар және даму ми­нистрі, Білім және ғылым ми­нистрі, Денсаулық сақ­тау, Мәде­ниет және спорт министр­лері­нің баян­дамаларын тыңдаған соң Бақытжан Сағынтаев 24 мақ­сат­ты көрсеткіштердің 9-ы бойын­ша артта қалу байқалып отыр­ға­нын атап өтті. Бұл орайда мақ­сатты көрсеткіштеріне қол жет­кізілмеген қызмет түрлерімен сала­лар бойынша сарапшылар баға­лауына сәйкес, экономиканың қосымша өсімі 0,55 пайыздық пункт­ке жетуі мүмкін еді деген Үкімет басшысы, мұны экономика өсімін қамтамасыз етуде қолда бар резервтер дәлелдейтінін жеткізді.

«Біз мұндай тәжірибені алғаш рет енгізіп отырмыз, ешқандай себептер қабылданбайды, бізге нәтиже керек. Мемлекет басшысы орташа мерзімде экономиканың 5 пайыз өсімін қамтамасыз ету мін­детін қойды. Сондықтан, м­инистр­ліктер басшыларының на­зарын әрбір көрсеткіштің орын­далуы үшін жеке жауапкершілік жүк­телетіндігіне аударамын», деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр салалық мемлекеттік органдардың бірінші бас­ш­ыларына мақсатты өсім көр­сеткіштеріне қол жеткізу бо­йын­ша барлық шараларды қабыл­­дауды тапсырды. Өткен жыл­дың осы кезеңімен салыс­тыр­­ғанда, биылғы жылдың І тоқ­саны­ның қорытындылары жақсы нәтиже көрсеткенін, алайда, бірінші тоқсандағы жетістіктер немқұрайдылыққа себеп болмауы тиіс екенін айтып, арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертті.


Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

22.02.2019

Көлік комитеті 2018 жылдың жұмысын қорытындылады

22.02.2019

Алматы облысында бекіре тұқымдас балық өсіріледі

22.02.2019

«Хромтау – Алтынсарин» темір жолы қалай салынды?

22.02.2019

Кәсіподақ федерациясы көпбалалы аналарды қолдау тетіктерін ұсынуда

22.02.2019

2019 жылы республикалық маңызы бар 4,4 мың км автожол салынады және қайта жаңғыртылады

22.02.2019

Озық білімді жастар – өркениетті елдің өзегі

22.02.2019

Түркістан: Бәйдібекте жылына 70 млн кірпіш өндіретін зауыт салынады

22.02.2019

Түркістан спортшылары Токио олимпиадасына дайындықты бастады

22.02.2019

Есімғалидың алмағайып әлемі

22.02.2019

Жұмада Астана, Алматы мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

22.02.2019

Оралдық оқушылар Гонконг университетінің грантына ие болды

22.02.2019

Мұқтаж отбасылар баспаналы болуда

22.02.2019

Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін

22.02.2019

Мүгедек жандар үшін құнды құрылғы

22.02.2019

Қазақстанның футболшылары Молдованы ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу