Ашық үнқатысу жалғасады

Бейжіңде ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының басшыларымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
08.12.2016 4877
2

Мемлекеттік Кеңестің Премьері Ли Кэцянмен әңгіме кезінде Қ.Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық әріптестік қатынастарын дамытуға зор маңыз беретінін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қыркүйекте Ханчжоудағы «Үлкен жиырмалық» саммитіне сапары, сондай-ақ форум аясындағы маңызды екіжақты уағдаластықтар бойынша қол жеткен  нәтижелер оны дәлелдей түсті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, биылғы қарашада Қытай Премьері Ли Кэцяннің Қазақстанға сапары екі елдің өнеркәсіп және технология салалары бойынша бірлескен жобаларын іске асыру бағытында өте табысты болды. Төраға Қытай тарапын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформаларын іске асыру туралы хабардар етті.

Премьер Ли Кэцяннің пікірінше, Қазақстан мен Қытайдың жоғары заң шығару органдары екі ел арасындағы заң базасын, жемісті ынтымақтастықты және гуманитарлық байланыстарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қазақстандық сенаторлардың сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты одан әрі нығайтуға жаңа үлес қосатын болады. Ли Кэцян өзінің таяудағы Қазақстанға сапарының нәтижелерін де жоғары бағалады.

ҚХР Халықтар жиналысы үйінде Қ.Тоқаев Халық өкілдері Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен келіссөз жүргізді. Сенат Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуы қарсаңындағы парламентаралық кездесудің ерекшелігін атап өтті. «Қазақстан мен Қытай қатынастарды «нөлден» стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін қалыптастыра алды. Бұл – екі мемлекет басшыларының үлкен еңбегінің нәтижесі», – деді Қ.Тоқаев.

Төрағаның айтуынша, «Нұр­лы жол» Жаңа эконо­ми­калық саясат пен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының түйі­суі көлік, логистика, инфра­құры­лым, сауда, инвестиция, мәде­ни-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың басқа да сала­ларын­дағы бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

ХӨБЖ Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзян ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту туралы бірқатар ұсыныстар айт­ты. Оның пікірінше, екі мем­лекетке, әсіресе, күрделі халық­аралық ахуалды ескере отырып өзара саяси қолдауды нығай­ту қажет. Бірлескен эконо­микалық жобаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді іс жү­зінде ұлғайту маңызды. Қытайда Жібек жолының эконо­ми­калық белдеуі мен Азия Инфра­құрылымдық инвестиция банкін құру туралы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің бас­тамасын Қазақстанның бірінші болып қолдағанын жоғары бағалайды. Чжан Дэцзяннің айтуынша, Қазақстан Қытайдың Еуразиядағы ірі экономикалық әріптестерінің біріне айналды. Қытай Парламентінің басшы­сы гуманитарлық ынты­мақ­тастықты кеңейту, ғалым­дар­ды, оқытушылар мен студент­терді алмасу қажеттігіне егжей-тегжейлі тоқталды.

ХӨБЖ Тұрақты комитетінің төрағасы саяси консультацияларда, заң шығару саласында пікір алмасуда, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауда пар­ламентаралық диалог маңыз­ды арна екенін атап өтті. Ол Қазақ­станға сапармен келуге шақы­руды ризашылықпен қабыл алды.

Кездесу барысында Қы­тай басшылары Президент Н.Назарбаевқа және Қазақстан халқына Тәуелсіздік мерейтойы­на байланысты ізгі тілектерін жолдады.

Бейжіңде Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Қытайдың Орталық теле­ди­дарының (CCTV) штаб-пә­терінде болып, ағылшын тіліндегі «Диалог» бағдарламасының белгілі жүргізушісі Ян Жуймен кеңінен сұхбаттасты. Журналисті Қазақстан мен Қытайдың сая­си және экономикалық байла­ныс­тарының даму келешегі, ай­мақтық экономикалық және ин­фрақұрылымдық жобаларға Астананың қатысуы туралы Қ.Тоқаевтың пікірі қызықтырды. Одан басқа, Төраға жаһандық геосаяси бәсекелестіктің шиеленісуі жағдайында халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы өз ойларымен бөлісті.

* * *

Қытайда ресми сапармен жүрген Сенат Төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаев бас­таған Қазақстанның пар­­ла­менттік делегациясы Гуан­дун про­вин­ция­сында орналас­­қан ірі индустриялық, техно­­ло­гия­лық, қаржы және көлік ор­та­лығы Шэньчжэнь қала­сында болды.

Шэньчжэньде сенаторлар бірқатар индустриялық нысандарды аралады, олардың ішінде қытайдың ірі «Huawei» телеком­­муникация компаниясы, автомобиль жасайтын «BYD» және монорельсті «Skyrail» трамвай желісі корпорациясы бар. Бұл нысандар кездей­соқ таңдалған жоқ – Қазақ­стан осылай жоғары техноло­гия­лар, телекоммуникациялар және қазіргі замандағы көлік құ­рал­дары саласы бойынша ын­ты­мақ­тастыққа ықылас танытып отыр.

Түстен кейін қазақстандық парла­мент­шілер Шэньчжэнь университетінде болды. Универ­ситет ректоры Ли Чинчуан­мен әңгіме барысында екіжақты, оның ішінде инновациялар мен жоғары техно­логиялар сала­сын­дағы ғылыми байла­ныстар­ды дамыту, ғалымдар мен студенттерді алмасуды ұлғайту мүм­кін­діктері қаралды. Ли Чинчуан Қытай мен Қазақстан халық­тары арасындағы достық пен әріптестікті дамытуда Сенат Төрағасының зор үлесіне тоқталып, Қ.Тоқаевқа Шэнь­чжэнь университетінің Құрметті профессоры атағын берді.

Сенаторлар сапар барысында «Қытай Миниатюрасы» паркі мен этнографиялық ауылмен танысуды да жоспарлаған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу