Асқар Мамин Алматы облысында болды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымы нысандарының және әлеуметтік сала нысандарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Егемен Қазақстан
11.11.2016 4926
2

Жұмыс сапары Талдықорған қаласының әуежайын аралаудан басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын жөндеу барысы туралы баяндады.

Содан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан ұзындығы 112 км болатын республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолын жөндеу барысы туралы мәлімделді. Бір айдың ішінде ұзындығы 245 км болатын Алматы-Талдықорған бөлігінде қозғалыс толығымен ашылады.

Жыл соңына дейін Алматы облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізіне кіретін ұзындығы 304 км Алматы – Қорғас учаскесінде құрылыс аяқталады.  

«Алматы – Талдықорған және Алматы – Қорғас автомобиль жолдары өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалар болып табылады. Жалпы 2020 жылға дейін Алматы облысының автожол инфрақұрылымына шамамен 400 млрд теңге бағытталады. Бұл бүкіл өңірдің көлік инфрақұрылымын толық жаңғыртуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті А. Мамин.

Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 394 га болатын Оңтүстік-Батыс тұрғын  үй массивінің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы 240 пәтер болатын төрт тұрғын үй құрылысы аяқталады. 706 пәтер болатын бес коммуналдық үй салынып жатыр. Тоғыз балабақша, бес мектеп, Оқушылар сарайы, емхана, көрме кешені, 16-қабатты қонақ үй, басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған.


Алматы облысында алты индустриялық аймақ салынып жатыр.

Өңірге жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары құрылысы аяқталып қалған «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады. Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында құрылыс материалдарын шығаратын бес кәсіпорын жұмыс жасайды. Осында тағы 10 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған. Ол 1 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО-ның бірқатар нысандарын аралады. «Самұрық» орталық алаңында екі сауда үйі мен терминалды аймақ тұрғызылған.

Бір жыл ішінде 5 инвестициялық нысанның: орталық алаңның, қолөнершілер қаласының, бизнес орталықтың, көп функциялы ғимараттың және сауда орталығының  құрылысын аяқтау жоспарда бар. Сонымен қатар, келушілер үшін ШЫХО аумағында бірыңғай төлем картасы жүйесін енгізу мәселесі шешілуде. Күн сайын «Қорғас» ШЫХО-ға 3 мыңға дейін адам келеді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары екі жылдың ішінде ШЫХО-ның қазақстандық бөлігін құруды аяқтауды тапсырып, сауда алаңдарын, бірінші кезекте, отандық тауарлармен, сондай-ақ, ЕАЭО елдерінің өндірушілерінің өнімдерімен толтыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, сапар барысында А. Мамин Нұркент ауылында болды. Мұнда екі 60 пәтерлік коммуналды тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды. Екі шағын отбасылар жатақханасының құрылысы аяқталған.

А. Маминнің қатысуымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның Құрғақ портын аралау шеңберінде дәнді дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау бойынша болашақ элеватор орнында капсула салудың салтанатты рәсімі өтті. Аталған нысанның қуаттылығы бір мезгілде 15 мың тонна сақтай алады, екінші желіні әрі қарай кеңейту арқылы 30 мың тоннаға дейін жетеді. Элеватор 2017 жылғы тамыз айында іске қосылмақ.

А. Мамин аталған іс-шараның АЭА индустриялық аймағындағы алғашқы жоба ретінде маңыздылығын айтып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның дамуы» Еуразиялық континенттің логистикалық жүйесіндегі өзекті орын алатын басым бағыт болып саналатынын атап өтті.

Алматы облысына жұмыс сапары аясында А. Мамин Алматы-Қорғас учаскесіндегі «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылыс барысымен және «Қорғас» ШЫХО ауданындағы Қорғас өзеніндегі қорғаныш құрылыстарын салу барысымен танысып, қызанақ өсіретін жылыжай кешенін аралады.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу