Әскери техника «сатқан» алаяқ

​Қорғаныс министрлігі пайдалану­дан қалған ескі техниканы сатылым­ға аукцион арқылы шығарып отыр деген желеумен бір азамат жұртқа әскери тех­никаны төмендетілген бағамен ұсын­ған.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 1462
2

Семейде оның осы қылмысты әре­­кетіне қатысты үкім шығарған №2 сот­тың судьясы Гүлнар Биназарова­ның айтуынша, ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатса да, өз тәжірибесінде мұн­дай жағдайды бұрын-соңды кезік­тірмепті. Судья сот залында анық­тап айтқандай, 58 жастағы алаяқ әске­ри техникаларды сатып аламын деп қызығушылық танытқандарға, қағаз­дағы өзі жасап алған прайс үлгіден ауыр және жеңіл көлік түрлерін суре­тімен көрсетіп, аукцион жүріп жатыр деп алдаған. Әскери техниканың бағасына сай, «ГАЗ-53» көлігін 170 мың теңгеге, «Урал» көлігі прайс-қағаз бойынша 280 мың теңгеге, «КамАЗ» (2004 жылы шығарылған) 810 мың тең­геге, ал МТЗ тракторын 410 мың теңге­ге сатып алуға болады депті. Қор­­ға­ныс министрлігі сіздерге өте ар­зан­ға беріп отыр деп түсіндіріпті» ол қар­­мағына іліккендерге. Сөйтіп, ол сатып алушыларға ақшаны есепшот­қа аударыңыз дегенді айтады. Сатып алушылар болса, арзан техниканың суретін көрісімен 170 мың теңгеден 1 млн-ға дейін ақшаларын алаяқтың есеп-шотына ойланбастан аударып жіберген. Сөйтіп, ол үш жыл ішінде 5 млн теңге ақша тауып үлгерген.

Бірақ ақша жібергендер ешқандай техника қолдарына тимей, сан соғып қалады. Өйткені, алаяқтың қолын­да ешқандай да әскери техника болмап­ты. Осылайша ол өз кәсібін жалғасты­ра бермек еді, тек өткен жылдың қара­ша айында ұсталып қалды. Тергеу мен сот істері бірнеше айға созылды. Осы ара­лықта алаяқ басына іс түс­кенін бай­қап, жапа шегіп, алданып қалған­дардың барлығына түгелдей ақшаларын қайтарып беруді көздейді. Сөйтіп, ол сот шешімі шыққан күнге дейін барлық ақшаны қайтарып үлгереді.

– Жапа шеккендер ақшаларын толық қайтарып алды, – дейді №2 сот­тың судьясы Гүлнар Биназарова. – Тек осындай адамға сеніп, өзгеден қарыз алса да әскери техникаларды ой­лан­бай сатып алмақ болғандардың әре­кеті түсініксіз. Ақшаларын берген соң ғана ешқандай да техниканың жоқ екендігіне, қапыда сан соғып қалған­дықтарына көздері жеткен.

Ал сот әлгі азаматтың бұрын сотты болмағанын, кінәсін толық мойын­дағанын, өкініш білдіргенін, жағымды мінезделетінін, сотталушының тәрбие­сінде 1 кәмелетке толмаған баласы барын ескеріпті. Осылайша алаяқ амнис­тия арқасында бостандыққа шық­ты. Ол тек 2 жыл 11 айға ғана шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

журналист

СЕМЕЙ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу