Аспанасты елінің аяқ алысы қандай?

Шығыстағы алып көршіміз Қытай елінің тыныс-тіршілігі кім-кімді де қызықтырары анық. Соңғы бірнеше онжылдықтар бойына экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдің Қазақстан үшін де маңызы ерекше. Олай болса, ол елдегі жағдай қандай деген сауалға аз-мұз жауап іздеп көрудің де еш артықтығы жоқ.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 7705
2

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың алғашқы жыртыжылдығында Қытайда темір жолмен жүк тасы­малдауда тұрақты өсім бай­қалған. Ал оның өзі осы ел­дегі экономикалық қызметтің қан­шалықты белсенді екендігін аң­ғартады. Мәселен, 2017 жы­л­дың қаңтар-маусым айларын­да темір жол көлігімен тасы­малданған жүк көлемі жыл­дық есептеуде 15,3 пайызға артып, 1,82 миллиард тоннаны құрады, деп хабарлады сол елдің мемлекеттік даму және реформалар ісі жөніндегі комитеті. Тек мау­сым айында ғана өсім 16,3 
пайызды көрсеткен. Осылайша, аспан асты елінің ішкі жалпы өнімі бірінші жартыжылдықта 6,9 пайызға ұлғайып отыр.
Осы ретте мынадай бір назар аударарлық деректі келтіре кет­пек­піз. Соңғы уақыттары қытай­лық ұялы телефондар ішкі рынокта ғана емес, сонымен бірге сырт­қы рынокта да кең тарала бастаған. Жаһандық ғылыми-тех­никалық рынок саласындағы Canalys сараптамалық ком­па­ния­сының 25 шілдеде жария­лан­ған есебіне сәйкес Apple ұя­лы телефондарының Қытай рыно­гындағы құлдырауы одан әрі жалғасып, соның салдарынан «ал­ма» телефондар бесінші орынға дейін төмендеген. Соны­мен бірге, қытайлық ұялы теле­фон­дар пропорциясы 87 пайызға дей­ін жеткен. 
Apple компаниясы теле­фон­дарының беделі мен ықпа­лы­ның құлаған үстіне құлай бе­руіне баға мен сапа арақа­тынасының онша жоғары бол­мауы және табыстарды бөлу базасында туындайтын даулар себепкер болып отырғанға ұқ­сайды. Телефондардың қау­іпсіздік проблемасына және ком­панияның өз клиенттерімен қ­­а­рым-қатынасына байланыс­ты Samsung өнімдерінің қы­тайлықтар арасында әлде­қашан-ақ өз беделін жойғаны мәлім болып отыр. Екінші жағынан келгенде Huawei, OPPO, Vivo және Xiaomi сияқты қытай­лық брендтердің өздерінің дис­трибьютерлік желілерін кеңей­тудің және өнімді тез арада жа­ңартып тұрудың арқасында Apple мен Samsung-ті көш бас­таушы позициялардан алыстата отырып, алғашқы төрт орынды берік иеленіп алуы да көп жайттан хабар беретін болса керек. 
2017 жылы смартфондар сату бойынша рынокта көш бас­таушы компаниялардың дү­ние­жү­зілік тізімінде Huawei, OPPO, Vivo Apple мен Samsung-тен кей­­інгі орындарда тұр. Осы­лай­­ша, қытайлық ұялы телефон шы­ғарушылар алғашқы бестікке бе­рік еніп отыр. Сонымен бірге, қы­тайлық алты бренд топ-10-ға енген. Осыдан дәл бес жыл бұрын алғашқы бестікте бірде-бір қытайлық компанияның бол­ма­ғанын ескерсек, мұның өзін өте үлкен жетістік деп баға­лауға әбд­ен болады. 
2016 жылдың қарашасына дей­ін Үндістан рыногына қы­тай­­лық брендтерді жеткізу көле­мі жалпы рыноктың 51 пай­ы­зын құраған болатын. 2016 жыл­­дың қазан айында Ресей ры­­ногындағы ZTE смарт­фон­да­рының үлесі алғаш рет айфон­дарды басып озып, екінші орын­ға шықты. Тек Samsung қана бірінші орынды сақтап қала алды. Еуропада Huawei қазірдің өзінде рынок үлесінде неғұрлым шапшаң өсіп келе жатқан брендке айналып үлгерді. Соның ар­қа­сында өткен жылдың бірін­ші жар­ты­сында ұялы телефондар жет­кізу көлемі екі есеге дейін ұлғайған. Қытай рыногында онша белгілі емес TECNO, Itel және Infinix сияқты ұялы телефондар Африка рыногында кең танымалдылыққа ие болып отыр. Соның нәтижесінде олар­дың осынау «қара құрлық» ры­но­­гындағы үлесі 40 пайыздан асып түскен. 
Қытайлық брендтер неғұр­лым жоғары сапалы өнім шы­ға­ру­ға күш-жігер жұмсап, ана­ғұр­лым маңызды технологияларды әзірлеу арқылы, сонымен бірге шетелдік рыноктардағы тұтыну мәдениетін барынша ескере отырып арзан бағалы және төмен са­палы деген атақтардан бір­тін­деп бас тартуда. 
Үндістанның Livemint деп аталатын сайтында жарияланған түсініктемеге сенетін болсақ, қытайлық брендтердің табысқа жетуіне баға мен сапаның жо­ғары арақатынасы, үздік тұты­н­у­шылық тәжірибе, 4G техноло­гиясын қолданысқа барынша тезірек енгізу, сондай-ақ, қы­тай­­лық компаниялардың фо­то­­камера­ларды адамдардың күн­делікті өмірде пайдалануына айрықша рөл беруі бас­ты себеп бо­лып отыр. Ұялы те­ле­фон­дар­дың қытайлық брендтері қа­­зірдің өзінде америкалық ры­нок­қа енудің жоспарын белгілеп қойған, сонымен қатар АҚШ-та көш бастаушылар болып табылатын Apple және Samsung телефондарына қарсы «майдан» ашуға да дайындық жасауда екен.
Бүгінгі таңда қытайлық ұялы телефондар «жасанды» немесе төмен сапалы тауар ретінде саналмайды. Олар техникалық тұрғыда өнеркәсіптік дизайнмен толық жарақтанған өнімдер болып табылады. Шындығында, тек ұялы телефондар ғана емес, со­нымен бірге жоғары шап­шаң­­дықтағы темір жолдар, ға­рыштық құрал-саймандар мен ядро­лық жабдықтар да Қы­тай үшін халықаралық даму­да елеулі сер­піліс әкелді. Сондықтан таяу болашақтың өзінде-ақ «Қытай өндірісінің» әлемді талай тамашалармен таңғалдыруы әбден мүмкін.
Біздің бұл айтқандарымызды төмендегі мына бір цифрлар да растай түсетін сыңайлы.
Үстіміздегі жылдың бірін­ші жар­тыс­ында Қытайдың мем­ле­кет­тік кәсіпорындары тұрақты өсім­ге қол жеткізген. Елдің қар­жы министрлігінің хабарлауынша, қаңтар-маусым айларында мемлекеттік кәсіпорындар та­быс­тарының жалпы сомасы ша­ма­мен 1,41 триллион юаньды (208,9 миллиард АҚШ доллары) құрап, өткен жылдың тиісті ке­зеңіндегі көрсеткіштен 24,3 пай­ызға асып түскен. Осын­дай­да мына қытайларыңыз тек жеке­меншік компания ғана бә­се­к­елестіктің арқасында же­тіс­тік­ке жете алады деген қа­саң тү­сініктің қабырғасын қақы­ра­тып жібергелі жатқан жоқ па өзі деген де ой келеді екен көкейге. Мысал үшін айтсақ, елде көмір, мұнай, мұнай-химия және көлік салаларында айтарлықтай өсім тір­келсе, тек электр энергиясы саласында ғана аздаған төмен­деу­шілікке жол берілген. 
Тағы да сол жоғарыда өзіміз атап өткен даму және реформалар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметтеріне жүгі­нер болсақ, ҚХР-да табиғи газ­ды пайдалану көлемі 114,6 милли­ард текше метрге жетіп, ал­­дындағы жылдың сондай кезе­ңі­мен салыстырғанда 15,2 пайыз өсім көрсеткен. 
Сарапшылар мұндай өсім­ді ұлттық экономиканың тұрақ­ты дауымен, энергия тұтыну құры­лым­дарының жақсаруымен, сол си­яқты жұртшылықтың қор­ша­ған ортаны қорғауға қатысты ақ­параттануының арта түсуімен бай­ланыстырып отыр.
Сөз соңында Шаньдун про­вин­циясының (Шығыс Қытай) «Бір белдеу – бір жол» бой­ын­дағы елдермен сауда айналы­мы 2017 жылдың бірінші жар­ты­сы­ның қорытындысында 245,45 миллиард юаньды (1 АҚШ доллары – 6,7 юань) құрап, өткен жыл­дың тиісті кезеңіне қар­­а-
ған­да 29,8 пайызға өскенін де ай­та кету қажет. Экспорт пен им­порт көлемі тиісінше 131,03 және 114,42 миллиард юаньды құраған.
Міне, осы келтірілген деректерге қарап-ақ алып көршіміздің қазіргі аяқ алы­сы­н аң­ға­ру­ға болады.
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу