Астана: сұлулықпен үндескен жылулық

Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Елі­міз­дің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұ­рын­ғы бір шарада «Үкімет Астанаға кө­гіл­дір отын жеткізу жө­­нінде көп жыл­дан бері уәде беріп ке­­леді, сол уәдесін қашан орындай­ды?» де­ген сауалға «Астанаға газ­дың қа­шан жеткізілетіндігін бір Құ­дай ға­на білер» деп жауап беріп, үміт­ті көңілдердің әптігін басып тас­та­ған еді.
Егемен Қазақстан
06.07.2017 300
2

Ал енді жуықта өткен ЭКСПО-2017 көрме алаңында мұнай-газ саласы мен машина жасаудағы жаңа ағымдар мен тех­нологияларға арналып өткізілген конференциядағы сөзінде министр ас­таналықтардың көңіліндегі үміт шо­ғын қайта үрледі.

«Біз бүгін жас та, көрікті елордамызды газбен қамтудың мүмкіндігін қарастыру үстіндеміз. Оның түрлі жолдары бар. Бір нұсқасы – метан­ды, табиғи газды құбыр арқы­лы жеткізу болса, екінші нұсқасы сұй­ы­тыл­ған табиғи газ арқылы қамту. Ме­нің ойымша, маусым-шілде айларында Үкімет бұл жөнінде бір шешімге ке­леді», – деді Қанат Бозымбаев. Оның үстіне мұнымен де шектелмей:

«2030 жылдан кейін біздің елімізде газ дәуірі болады деп күтілуде. Со­ған орай алдымызда электр энер­ге­ти­касының бір бөлігін газға көшіру жұ­мыс­тары күтіп тұр. Өйткені, елі­міз­­дегі көмірсутегі кен орындарынан газды молынан өндіруге болады. Оның үстіне, қазір босқа кетіп жат­қан газды ақшаға айналдырудың мол мүм­кіндіктері туындап келеді. Сон­дық­­тан бізге көгілдір отынға қа­жет­ті инфрақұрылымдарды қазірден бастап қа­мдап, сол кезеңге дайын тұруымыз ке­рек» деп, ел өңірлерін газбен қамтуға қа­тысты тұжырымды ойларын да жеткізе кетті.

Демек, Астанаға газ жеткізу мә­се­лесінде бір жақсылықтың нышаны се­зілгендей. Өйткені министрдің сө­зінде өзгеріс бар. Ал бұған не себеп?

Осы сұраққа өз бетімізбен жауап іздеп көрдік. Сонда бір байқағанымыз қазіргі жаңа технологиялар көгілдір отынды өндіру, өңдеу және тасымал­дау ісін бұрынғыға қарағанда же­ңіл­дете түскен. Осыған орай бірқатар са­­рап­шылар энергетика саласындағы мұ­­най­дан кейінгі аралық кезеңнің бас­ты өнімі газ болады деген пікірлер біл­дірген. 

Әдетте көгілдір отынның жер ас­тында мұнаймен бірге кездесетіндігі бел­гілі. Біздің еліміз болса, мұнай қор­ларының молдығымен әйгілі. Өкі­ніш­ке қарай, сол мұнаймен бірге жер бе­тіне шығатын газды өңдеп, тасымал­дау жұмыстарының қиындығынан, олар­дың көбі ауаны босқа бүлдірмес үшін түрлі айдау жолдарымен қайтадан жер астына жіберіледі екен. Ал енді бір бөлігі кен орындарына таяу маңайда орналасқан өңірлер халқының тұр­мыс­тық қажетіне жаратылуда.

Енді Қанат Бозымбаев айтқан Астанаға газ жеткізудің екі нұс­қа­сына қай­тадан келсек, оның бі­рін­­шісі – құбыр арқылы жеткізу нұс­қасына отандық «ҚазТрансГаз» компаниясының ынта танытып отыр­ғанын білеміз. Қызылорда облысы – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша тартылатын құ­быр арқылы жеткізілетін бұл кө­гіл­дір отынның әр текше метрінің ба­ға­сы, соңғы деректер бойынша, 61 теңгеден айналмақ.

Енді екінші нұсқаға келсек, оның да мүмкіндігі мықты. Бұл әдістің ерек­шелігі алыс қашықтықтан табиғи газ­ды тиімді түрде жеткізу үшін ол ар­наулы операциялар арқылы сы­ғым­д­алып, салқындатылады, сұй­ы­ты­ла түседі. Осылайша оның көлемін 600 есеге дейін сығымдауға болады. Сөйтіп, газды құбыр тартпай-ақ арнаулы жабдықталған кез келген көлік түрімен қажетті нүктеге жет­кізуге жол ашылады. Кейінгі кездері «вир­туалды тұрбақұбыры» деп аталып жүр­ген бұл нұсқаны бізге ресейлік ком­пания ұсынып отыр.
Ресейдің сұйытылған газы қазірдің өзінде Астананың газ рыногын жаулай бас­тады. Көптеген жеке үй иелері ау­ла­сына газгольдер орнату арқылы оны пайдалану үстінде.

Соңғы деректерге қарағанда, «Ме­м­­-сараптама» РМК «ҚазТрансГаз» ұсын­ған жоғарыдағы жобаны ма­құл­дап та үлгірген. Алайда, соңғы ше­шімді Үкімет айтатыны түсінікті. Бі­рақ қалай алып қарағанда да, енді оған тездетіп бір байламға келуге ту­ра келеді. Өйткені, ендігі үнсіздік Аста­на­ның газ рыногын өз бетімен әрекет ету­ге алып келетіндігін уақыттың өзі көр­сетіп отыр.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу