Астанада ауқымды әскери парад өтеді

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 2559
2

Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. Сонымен, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында Астана қаласында өтетін әскери парадты сапалы ұйымдастыру және оны өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше болуы тиіс.Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда. Көзтартарлық шеруге 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылатын болады. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалап, өз бағаларын бере алады. 

Парадтың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілгеннен кейін алғаш рет барабаншылардың (дауылпазшылардың) құрама ротасында өнер көрсететін «Жас ұлан» төрт әскери мектептің тәрбиеленушілері, аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен Әскери-техникалық мектептің әскери автомобильді техникасында алаңда жүріп өтетін Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің шәкірттерін қатыстыруға тарту болып табылады. 

Аталмыш іс-шараның негізгі түйіні әлі құпия ретінде сақталуда. Алайда, Қарулы Күштерде әскери қызметшілерді іріктеу және техниканы дайындау басталып та кетті. 

Әскери парад – бұл мерекелік және көзтартарлық іс-шара ғана емес, ол төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету. Бұдан бұрын Қазақстанда өткізіліп жүрген әскери парадтардың әрқайсысы өзінше айрықша және есте қаларлық болып келеді. Соңғы жылдары өткізіліп жүрген парадтардың ішінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған 2015 жылғы парад болды. Оның тарихи және заманауи бөлігінде Ұлы Жеңістің мұрагері ретінде ҰОС жылдары мен қазіргі заманғы қазақстандық армияның әскери техникасының үлгілері ұсынылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу