Астанада дүбірлі бәйге «ЭКСПО Кубогы» жүйріктерін анықтады

Қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жасүгіров: «Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, Аттарға шаң шығарып келе жатқан» дейтін еді. Кеше Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында өткен бәйгеге жиналған жұрт тура осы жыр жолдарын тағы бір еске салды.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 3968
2

Бұл аса үлкен бәйге. Бұл дода бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне арналған «EXPO – 2017» кубогы жүйріктерін анықтады.

Жарысқа еліміздің 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша сынды онға жуық мемлекеттен шашасына шаң жұқтырмаған 150-ден аса үкілі жүйрік келіпті.

Бұл бәйге бұрынғы бәйгеден шынымен өзгерек. Мұнда бәйге түрі де, бәйге жүлдесі де аз болған жоқ. Аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым қашықтықта жарысты. Ал дыз етпе, ұшқырлар бәйгесінің өзі 2400 және 1800 метрге шауып екі бәйге жасады. Аламан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы, құнан бәйге бойынша жүлде қоры – 36 млн теңгені, ал, ұшқыр аттар жарысында берілген сыйақы қоры – 63,6 млн теңгені құрады. Жүйріктерге 5-ші орынға дейін жүлде берілді.

Иә, «жылқы – жаным, қымыз – қаным» деген қазақ емеспіз бе, атшабардың айналасы құжынаған құмырысқа дерсің. Бір қызығы бәйгенің дүбірі шыққанда, сүйріктей сұлу шын жүйрік суырылып алға озған соңғы айналымда айқайлап-шулаған жұрт орындарынан түрегеліп кетеді. Әйтпесе, көрерменнің алдарынағы үлкен экраннан да, отырған орындықтарында отыра берсе де бірінші келген атты емін-еркін көре алады ғой...

Оның үстіне бәйгені жүргізушілер – Рамазан Сәттібай мен Бақыт Жағыпарұлы да жанкүйерлердің «жанды жерін» дөп басып, келе жатқан аттардан ендігі айналымда қайсы озып қайсысы қалуы мүмкін екендігіне болжам жасап, қажет кезінде қазақтың небір атақты ақындарының жылқы туралы жазған жыр жолдарын екпіндете, елірте оқып, жұртты естен тандырды дерсің!.. Шулаған қазақтарға таңырқай қарап, ауыздары ашылып, бастары шайқалып не бір шетелдіктер де жүр.

Сонымен, ата дәстүріміз бойынша ақсақалдың батасымен басталған бұл бәйгелерде қай жүйрік, қайсы жүлдені қанжығалады?  

Құнан бәйге. 7 шақырым. 35 құнан.

І орын: Алматы облысынан келген "Доран» атты дара келді. Иесі – А.Жұмабеков, бапкері – Н.Ноқатай, шабандозы – Асхат Әлімжан. Бірінші орын жүлдесі 3 млн теңге және «ЭКСПО кубогы».

ІІ орын: Жамбыл облысынан келген «Спортик» атты құнан. Иесі әрі бапкері – Е.Жаппасов, шабандозы – Ахат Бақкелді. Жүлдесі – 1,5 млн теңге.

ІІІ орын: Астана қаласының «Мажор» атты құнаны. Құнанның иесі – Н.Оразбаев, ал бапкері – С.Юрский, шабандоз – Диас Серғазиев. Жүлдесі – 1 млн теңге.

Төртінші орында «Азия» атты жирен құнан тізгін ұстатты. Иесі – Ә.Назарбаев, бапкері – М.Доспергенов, шабандоз – Ибрагим Бөбекбай. Жүлде –  500 мың теңге.

Бесінші болып «Нектар» атты торы құнан келді. Иесі – Жұмағазы, бапкері – Т.Асылханов, шабандоз – Ербұлан Тілеуғалиұлы. Жүлдесі – 300 мың теңге.

Құнан байгеде бір айта кетерлік оқиға, ең соңғы айналым, мәре сызығына 100 метр шамасында екінші болып келе жатқан торы құнан топ алдында омақаса құлады. Әттең, қолсозым жерде – мәре. Әрине, оңай емес, амалы құрыған шабандоз бала еңіреп жылап, жер сабалап айнала жүгірді... Бәйге болған соң бір осындайы болмай тұрмайды екен. Абырой болған да адам да, ат аман.

 Жорға жарысы. 7 шақырым. 25 жорға.

І орын: Ақмола облысынан келген «Элвуд вэб» атты су төгілмес күрең жорға топ жарды. Иесі – М.Мұстафаев, бапкері – Д.Волков, шабандозы – М.Ахматов. 1,2 млн теңге және «ЭКСПО кубогін» қанжығалады.

ІІ орын: Астана қаласының «Эдельвейс» атты торы жорғасы еншіледі. Иесі – С.Түсіпбеков, бапкері – Г.Матюх, шабандоз – В.Патрикеев. Жүлдесі – 600 мың теңге.

ІІІ орын: Алматы қаласынан келген «Цеппелина» атты торы жорға алды. Иесі – Те Элена, бапкері – К.Петров, шабандоз – Р.Қошқарбаев. Жүлдесі - 350 мың теңге.

Төртінші орынға табан тіреген ОҚО-дан келген «Гейгон» атты торы жорға. Иесі – Қ.Әділхан, бапкері – Н.Нұриев, шабандоз – А.Чибасов.  жүлдесі – 250 мың теңге.

Бесінші орында тізгін ұстатқан Алматы облысының «Ұшар» атты жорғасы болды. Иесі – К.Оспанов, Әрі бапкері, әрі шабандозы К.Семчик тайпалтқан «Ұшардың» қанжығасына 150 мың теңге байланды.

Жорға жарысы ерекше өтті. Мәреге таяғанда екінші келе жатқан ат үш-төрт қадамын шабыспен алып қойғандай болды. 7 шақырым бойы жорғасынан жаңылмаған жануарлар көрерменді ерекше тәнті етті.

Топ бәйге. 15 шақырым. 25 жүйрік.

І орын: Алматы облысынан келген «Сүлікқара» атты сәйгүлік топ жарды. Иесі – Ә.Назарбаев, бапкері – М.Доспергенов, шабандоз – Ақжол Жұматай. «Сүлікқараның» қанжығасында 5 млн теңге және «ЭКСПО кубогі» бар.

ІІ орын: БҚО-нан келген «Ақкөз» атты жүйрік иеленді. Ат иесі А.Олжабаев, бапкері – А.Мурсалимов, шабандоз – Әли Иманқұл, жүлдесі – 2 млн теңге.

ІІІ орын: Алматы облысынан келген «Шырай» атты жүйрікке бұйырды. Иесі - Ұ.Омаров, бапкері – Н.Ноқатай, шабандоз – Асхат Әлімжан. Жүлдесі – 1 млн теңге.

Төртінші орын ШҚО-дан келген «Ғашық» атты сәйгүлікке бұйырды. Иесі – Е.Сүлейменов, бапкері – Қ.Абсалямов, шабандоз – Ерасыл Сабырхан, жүлдесі – 500 мың теңге.

Бесінші орында Жамбыл облысынан келген «Айгүл» атты жүйрік тізгін ұстатты. Иесі, әрі бапкері – Т.Даушов, шабандозы Тілек Болатұлы, жүлдесі – 300 мың теңген.

Бұл бәйгеде «Сүлікқараның» шабысы ерекше болды. Бірінші айналымда-ақ шабандозға күш бермей ауыздығын баса алға озған жануар, сол шабыстан танған жоқ. Тіпті үшінші айналым кезінде ат үстіндегі бала тізгінді қос қолына орап, шірей тартып бара жатты. Білек қарының күші де күш екен, соңғы айналымға дейін солай қарысып тартып болды. Соңғы айналымда жіберді! Жұлдыздай ақты жануар! Жалғыз келді! Шын жүйрік деген осы, не дейсің?!

Аламан бәйге. 25 шақырым. 32 жүйрік.

І орын: Атырау облысынан келген «Желқанат» жүйріктің бағы жанды. «Желқанаттың» иесі – Д.Мырзаханов, бапкері – Б.Шымырбаев, шабандозы – Олжас Қойшыбай. 10 млн теңге мен «ЭКСПО кубогын» қанжығасына байлады.

ІІ орын: Алматы облысынан келген «Тасқын» атты күреңге бұйырды. Иесі – о Е.Байбатыров, бапкері – С.Арынов, шабандозы – Диас Жұмаш. Жүлдесі – 5 млн теңге.

ІІІ орын: Алматы облысынан келген «Бұйражалға» тиесілі болды. Иесі – Ә.Назарбаев, бапкері – Б.Бөбекбай, шабандоз – Асхат Әлімжан. Жүлдесі – 2 млн теңге.

Төртінші орында Ә.Назарбаевтың «Қозыкүрең» атты тағы бір жүйрігі келді. Бапкері – М.Доспергенов, шабандоз – Ақжол Жұматай, жүлдесі – 1 млн теңге.

Бесінші орында ақтөбелік «Алтынқазық» атты сәйгүлік келді. Иесі – Н.Досымов, бапкері – Н.Табылдиев, шабандозы – Жанат Бигелді. Жүлдесі – 500 мың теңге бар.

Аламанның аты – аламан ғой, жарыс жолына шыққан 32 аттың ішінде мәре сызығын бес ат ғана кесіп өтті. Қалғаны алдыңғы бес ат түгілі мәре сызығына жете алмай жолдан қайтты. Тіпті соңғы ат «Алтынқазық» бір ілгерлеп бір тоқтап дегендей үстіндегі баланың мойын, сауырын сабалауымен ілбіп отырып мәре сызығына ілінді. Соңында ат жоқ, жарыс жолынан шықпай жеткені үшін әрине, бесінші орындағы өзінің тиесілі жүлдесін алды.

Ұшқыр бәйге. 2400 метр. 16 сәйгүлік.

І орын: Солтүстік Осетиядан келген «Гри д Асье» атты боз жүйрік дара келді. Ат иесі – Т.Тигиев, бапкер әрі шабандозы – Т.Сатаров. «Гри д Асьенің» қанжығасында бүгінгі күннің бас бәйгесі – «ЭКСПО кубогі» және 50 мың доллар қажылай сыйлық берілді.

ІІ орын: Қырғызстаннан келген «Коммандер холл» атты жирен жүйрік иеленді. Ат иесі – М. Рахымбаев, бапкері – Б.Долотбеков, шабандозы – Д.Болотбеков, жүлдесі – 20 мың доллар.

ІІІ орын: Қазақстандық «Кумания» атты күреңі еншіледі.  Иесі – Қ.Ақсақов, бапкері – П.Карабельников, шабандозы – М.Швачов, жүлдесі – 15 мың доллар.

Төртінші орын Башқұртстаннан келген «Палуан» атты сәйгүлікке бұйырды. Иесі – Х.Идиятуллин, бапкері әрі шабандозы – Э.Сулайманов, жүлдесі – 10 мың доллар.

Бесінші орыннан Польшадан келген «Даурия» атты жүйрік көрінді. «Дамис» жылқы зауытына тиесілі сәйгүліктің бапкері – Н.Табылдиев, шабандозы – Р.Усманова. Жүлдесі – 5 мың доллар.

Көріп отырғандарыңыздай 2400 метрлік қашықтықтағы ұшқыр бәйгеге аттар негізінен шетелден келген. Халықарылық мәртебеге ие жарыс түрі болғандықтан жүлдесі де қомақты болған болуы керек. Бұл бәйге түрлеріне Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Осетия, Башқұртстан, Дағыстан қатарлы оншақты елден келген жүйріктер қатынасты.

Ұшқыр бәйге. 1800 метр. 16 сәйгүлік.

І орын: «Балтабек» шаруа қожалығына тиесілі «Шаңтимес» атты сәйгүлік топ жарды. Әрі шабандозы, әрі бапкері – Н.Шаршенбаев. Жүлдесі – «ЭКСПО кубогі» және 50 мың доллар.

ІІ орын: «Империал Регалия» атты торы сәйгүлік екінші орынды еншіледі. Иесі – Е.Жаппасов, бапкері әрі шабандозы – О.Құрманәлиев. Жүлдесі – 20 мың доллар.

ІІІ орын: «Эни куэсчнс» атты сәйгүлік үшінші орыннан көрінді. Иесі – А.Шынайдаров. Бапкері әрі шабандозы – Б.Таалайбекуулу. Жүлдесі – 15 мың доллар.

Төртінші орынды «Басси» атты жирен жүйрік иеленді. Сәйгүліктің иесі – Е.Нығметов, бапкері – У.Усманова, шабандоз – Р.Усманова, жүлдесі –10 мың доллар.

Бесінші орынды «Геркулес» атты сәйгүлік еншіледі. Иесі – М.Мұстафаев, бапкері, шабандозы – Д.Волков, жүлдесі – 5 мың доллар.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша 2400 метрлік ұшқыр бәйгеде алыс-жақын шет келдерден саңылақтар қатысса, 1800 метрде қазақтандық сәйгүліктер бақ сынады.

Сонымен, Астана іргесін дүбірге бөлеген айтулы аламан ақырласты. Шараның ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкім Әсет Исекешев, геранал-майор, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, ҚР Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сынды ел азаматтары қатынасып, жүйріктердің жүлдесін табыстады.

Ел назарын ерекше аударған, Астана жұртын атшабарға елеңдеткен айтулы бәйгеде өзге де қызықты ұлттық ат спорт ойындары болғанын айта кетуіміз керек. Жарыстың үзіліс кезінде Nomad каскадерлер тобы «Сайыс» өнерінен көріністер көрсетсе, «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Қыз қуу» және "Тазы жүгірту" "Аударыспақ" сияқты ұлттық спорт түрлері әр аламанның арасында көрермен көңілін серпілтті. Досымжан Таңатар, Ибраһим Ескендір сынды әншілер ақбоз аттың үстінде ән шырқап, бәйге дуын онан сайын қыздыра түсті.

Ал, атшабардың айналасына керуенін тоқтатып, түйесін шөгерген «ЭТНОАУЫЛ»  қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ою-өрнек, түрлі қолөнер бұйымдары, сал-серілердің көзіндей болып көрікті киінген қыз-жігіттерімен көзді арбайды, көңілді елітеді.

Ұлы дала елінің ұл-қыздарына өзінің қанындағы қасиетін сезіндірген ұлы жиын соңында сөз алған ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан алдағы тамыз айында көкпардан әлем чемпионатын ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтып, ұлттық спортымыздың тағы бір биік белесті бағындырғалы тұрғанын сүйіншілей жеткізді.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу