Астанада ЭКСПО кезінде 6 000-нан астам ерікті жұмыс істейді

4 маусым көрме аумағындағы Амфитеатрда «ЭКСПО-2017 еріктілерін қабылдау өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 1661
2

Шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты.

Көрмеде жұмыс істеу үшін әр айға 1500 адамнан 4,5 мың ерікті дайындалған. 800 ерікті Қазақстан аймақтарынан: Алматыдан – 300, Қарағандыдан – 250, Павлодар мен Қостанайдан – 100, тағы 150 ерікті жақын және алыс 46 шетелден келген. Олардан бөлек, қала аумағында 1500 ерікті жұмыс істейді.  

- Барлығымыз бірге 93 күнді өткіземіз. Бүгін біз үлкен жоба алдында тұрмыз. Бұған дейін Астанаға жылына 800 мың турист келген болса, енді үш ай ішінде 2 миллион мейманды қарсы алатын боламыз. Бұл үлкен жұмыс, сондықтан бізге сіздердің көмектеріңіз, энергияларыңыз аса қажет. Сіздерге сәттілік, қажымас қайрат тілеймін. Сіздер қонақтар риза болып қайту үшін бар білімдеріңіз бен күштеріңізді салатындарыңызға сенемін. 4,5 мың еріктінің барлығы ұйымшыл, әдемі, жанарларында от, жүректерінде патриоттық сезімі бар екенін көріп тұрмын. Ахметжан Смағұлұлы, қала ішінде де 1,5 мың ерікті жұмыс істейтінін жеткізгіміз келеді. Олар тәулік бойы полицияға, емханаларға, әуежайларға, отельдерге көмектесетін болады. Барлығы алты тілді еркін меңгерген. Қала еріктілері ЭКСПО еріктілерімен бірге қоян-қолтық жұмыс істейді деп ойлаймыз. Барлығымыз алдымызға қойған міндетті сәтті орындайтынымызға сенемін, - деді Әсет Исекешев.

Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі 10 маусым күні ашылады.115 ел мен 22 халықаралық ұйымдар баламалы энергетика мен жасыл технологиядағы өз жетістіктерін көрсететін болады.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі

19.11.2018

Байділда Жылқышиев: Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің түйткілді тұстары

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу