Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

Бүгін Астанада ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлерін құрметтеу салтанатты шарасы өтті. Жиынға ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
16.11.2018 2915
3333
2222
2222
2222

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін чемпиондар мен жүлдегерлерге, атап айтқанда, «алтын» үшін – $10 000, «күміс» үшін – $5 000, және «қолаға» – $3 000 көлемінде сыйақы берілді. Сондай-ақ, жеңімпаздардың бапкерлері де құралақан қалмады.

«Сіздер халықаралық додалар мен Азия чемпионаттарында көзге түсіп, жасөспірімдер Олимпиадасы секілді кешенді жарыста алғаш рет бақ сынадыңыздар. Бұл үлкен тәжірибе. Ал бір-бірлеріңе қолдау көрсетіп, бір ту астында біріккендерің – біз үшін үлкен қуаныш. Сіздер тұтас командаға айналып, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің басты мақсатын жүзеге асырдыңыздар», - деді ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев. 

 «Елбасының халыққа арнаған соңғы жолдауында спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Біз спорт және мәдениет Министрлігімен біріге отырып, спорттық инфрақұрылымды жақсартуға ат салысамыз. Сонымен қатар, спорт университетін құру мақсаты да тұр. Мұның бәрі елімізде спортшыларды дайындау жүйесін қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі таңда үлкен жетістігімен қуантқан талантты жастарымыз келешекте ел намысын абыроймен қорғайтынына бек сенімдімін», - деді ҰОК президенті.

Буэнос-Айресте Қазақстан құрамасы төрт алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Одан бөлек, халықаралық командалар сапында күміс және қола жүлдеге иелік етті.

Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпиондары: Бекарыс Сәдуақас (дзюдо), Диас Бахраддин (ескек есу), Глеб Брусенский мен Евгений Федоров (велоспорт), Айбек Оралбай (бокс).

Күміс жүлдегерлер: Дамир Тойбай (бокс), Талғат Шайкен (бокс), Маргарита Гриценко (дзюдо).

Қола жүлдегерлер: Надежда Рябец (бокс), Стелла Суханова (ескек есу), Әбілмансұр Батырғали (карате).

Халықаралық команда сапында Роза Әбитова (көркем гимнастика) күміс, Бекарыс Сәдуақас (дзюдо) қола медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер ойынында медаль саны мен жүлде жеңіп алған спорт түрлері де рекордтық көрсеткішке ие болды. Еске сала кетейік, Аргентинаға спорттың 23 түрінен 58 атлет аттанды.

Алтын медаль иегері, 17 жастағы Бекарыс Сәдуақас құрама спортшыларының атынан сөз сөйледі.

«Аргентинадағы додаға қатысқан спортшылардың атынан қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын. Біз бұл сынға қарқынды түрде дайындалдық. Еңбегіміз еш кетпей, медальмен оралғанымыз үшін қуаныштымын. Енді ересектер арасындағы Олимпиадада топ жару үшін бар күшімізді саламыз», - деді ол.

Келесі жасөспірімдер Олимпиадасы 2022 жылы Сенегалда өтеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу