Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

16  қарашада  Атырау  облысының  әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ  активіне  балық  шаруашылығы басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа басқарма құру туралы шешім биыл шілде айында қабылданған болатын.

Егемен Қазақстан
17.11.2018 12494
2

- Атырау облысы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары экономиканы диверсификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Дәстүрлі мұнай саласымен қатар ауыл шаруашылығын,  туризмді  дамытуға көңіл бөлінуде. Жаңа мекемелер ашылып жатыр, - деді Нұрлан Ноғаев.  -  Балық саласын дамыту да әркез назарда. Сондықтан балық шаруашылығы басқармасын құру туралы шешім қабылданды.

Облыс әкімінің шешімімен құрылым басшысы лауазымына  Артур Сәдібекұлы тағайындалды.

Артур Сәдібекұлы еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы ауданы Байда селолық округінің бас маманы қызметінен бастаған. Селолық округ әкімі,  Құрманғазы аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.  2013 жылы Атырау облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-тексеру және ақпараттық сараптама бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2016 жылы Атырау облысы әкімі аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі басшысы лауазымын атқарды.

Аймақ басшысы облыс активіне жаңа басқарма басшысын таныстырып,  мемлекеттік қызмет құрылымындағы жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін атап өтті.

– Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз өзіңізге де, ұжымыңызға да алдарыңызға қойылған міндеттерді атқаруға септігін тигізеріне сенеміз. Бұл бағытта көп  жұмыс істеу керек. Аймақтың балық саласындағы бұрынғы даңқын қалпына келтіру керек. Бүгінде балық аулаумен және өңдеумен айналысатын 17 табиғат пайдаланушы,  2 бекіре зауыты бар. Міндет  –  балық өнімдерін шығару көлемін көбейту. Балық шаруашылығын дамыту жаңа басқарма жұмысының басым бағыты болуы тиіс,  - деді Нұрлан Ноғаев.

 Артур Сәдібекұлы өз кезегінде облыс әкімі мен жиынға қатысушыларға алға қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін барлық тәжірибесі мен қабілетін көрсететінін айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Анкарада жүрдек пойыз апатынан 4 адам қаза тапты

13.12.2018

Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

13.12.2018

СІМ-де ҮАК қызметі жөнінде Ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы өтті

13.12.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Иран ядролық бағдарламасына қатысты жоспардың орындалуын қолдады

13.12.2018

Маңғыстау жастары – жаңғыру жолында

13.12.2018

Муай-тайдан Азия чемпионаты аяқталды

13.12.2018

Солтүстік Қазақстан полиция департаменті ең ашық ведомство болып танылды

13.12.2018

УЕФА Чемпиондар лигасы: 16 үздік анықталды

13.12.2018

Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

13.12.2018

Мәскеуде үш боксшымыз айқасады

13.12.2018

Алматыда волейболдан «Буревестник кубогы» халықаралық турнирі басталды

13.12.2018

Алматыда ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр

13.12.2018

Qazaq Banki түбегейлі таратылды: Салымшылар ақшаларын қайдан ала алады

13.12.2018

Қазақстан жастар құрамасы Канаданың жергілікті клубын жеңді

13.12.2018

Павлодарда Ertis Olympic бассейні салынды

13.12.2018

Еуро-2021: қарсыластар анықталды

13.12.2018

Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

13.12.2018

Сабина Бакатова халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

13.12.2018

«Елорда жұлдызы» табысталды

13.12.2018

Әмина Жапар «Бала дауысы» ұлттық байқауында бірінші орын алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу