Атырауда түрмеде жасалған заттар көрмеге қойылды

​Жаза басып, жазықты болғандарды жұмыспен қамту мақсатында Атыраудағы түзеу мекемелері жанынан өндіріс орындары ашылған. Соның нәтижесінде сотталғандардың 46 пайызы қызметпен қамтылып отыр.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 2580
2

«Түзеу мекемелерінде бизнес-инкубатор өндірістік кешені жұмыс істейді. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар дайындалады, алайда бұл жайында көпшілік хабарсыз. Жасалған бұйымдарды халыққа көрсету мақсатында көрме ұйымдастырдық», - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев. Сотталғандар қолынан шыққан сан түрлі бұйымдар қойылған көрмеге 17 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Жангүл Отаралиеваның айтуынша, түзеу мекемелеріндегі азаматтарды жұмысқа алуға ынталы кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келеді. Қазір мұнда 80 жұмыс күшімен қамтылған жеті кәсіпкер қызмет атқарады. Олар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаржылай қолдау шараларын алған. Сондай-ақ, өндіріс аймағы мен қызметкерлер арзан бағамен жалға беріледі. Мысалы, «Еңбек Атырау» кәсіпорны қырыққа жуық сотталушыны қызметпен қамтып отыр. Аймақтағы мұнай саласы мамандарының бәрі осы жерде тігілген киімдерді алады. 

Биыл әйелдер колониясында етік тігетін цех іске қосылады деген жоспар бар. Жалпы, сотты болғандарды жұмыспен қамтудың тиімді тұсы – бос уақыттарын пайдалы іске арнайды әрі сол жерде кәсіпкерлік біліктіліктерін арттырады. Ең бастысы, еңбекақы төленеді. Бір айта кетерлігі, өздерінің табыстарын отбасыларына жіберетіндер де бар. 

Бақытгүл Бабаш, "Егемен Қазақстан"

АТЫРАУ

Суретті түсірген Нұрбейбіт Нұғманов




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу