2016 жылғы өсімге қарамастан, елдің басқа да экономикалық салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі төмен.
2016 жылы ауыл шаруашылығы мекемелерінің негізгі капиталына құйылған инвестиция 51 пайызға ұлғайып, 253 млрд теңгені құраған еді. Бірақ жалпы елімізге келген инвестиция көлемінің 3,3 пайызы ғана осы салаға тиесілі.
Инвесторлардың салаға салған қаржысының аздығын мамандар бұл саладағы тәуекелдің тым жоғарылығымен байланыстырады. Дегенмен, 2016 жылы сыртқы инвесторларды санамағанда ел ішіндегі кәсіпкерлер мен шаруалардың банк пен өзге де қаржы ұйымдарынан ауыл шаруашылығымен айналысу үшін алған қаржысы көбейген. Атап айтар болсақ, былтыр шаруалар мен кәсіпкерлердің осы мақсатта рәсімдеген несиелерінің көлемі 2 есе артып, 30 млрд теңгеге жеткен.
Пікірлер(0)
Пікір қосу