Айқыш-ұйқыш атаулар

Егемен Қазақстан
27.02.2017 268
3

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сы­нов­тың өзі қазақ тілінің табиға­тына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл қазақтың ай­туына сәйкес өзгертілуі керек деген қағидатқа сүйенгені мәлім. Ал біз­дің қазіргі терминологиялық қор рухани ұстаздың сол ойымен үндесе ме, жоқ әлде мүлде кереғар ма? Тіліміздің тұғырын биіктететін маңызды қадамдар мүлде жасалмай жатыр деп, әрине, ауызды құр шөппен сүрткен жарамас, алайда айқыш-ұйқыш атаулар мен аудармалардан бүгінде аяқ алып жүре алмай жатқанымыз алақандағыдай ақиқат-ау. Сондықтан, бұл жердегі әңгімеде сырттан келген сөздердің тікелей аудар­малары туралы жалпылама сынап-мінемей, тек мәдениет пен өнер саласына ғана қатысты кейбір атауларды әлі күнге дейін әркімнің әртүрлі қолданып жүргендігі, яғни бір ізге түсіп үлгермегендігі жайында сөз етуді жөн көрдік. Кейбір авторлар орыстан, басқа да шет тілдерінен енген кірме сөздерді аудармай, сол күйінде айна-қатесіз жаза салу әдетіне әбден бой үйретіп алды. Баяғы сол «онда тұрған не бардың?», енжарлық пен жаны ауырмастың сиқы. Осы тұста тағы бір ғалымдардың, қаламгерлердің бірінен-бірі қалыспай жиі қолданатын, тіпті сәнге айналған мынадай әдеті емін-еркін етек жая бастады. Ол – танымал тұлғалардың қанатты сөздерін, қағи­даларын, дәйексөздерді орыс тілінен аудармай сол қалпында бере салу, мысалға келтіру үлгісі. Құдай-ау, сонда қазақтың бәрі орыс тіліне өзіндей жетік деп ойлай ма бұл шіркіндер? Қазақша сайрап отырып, неге бұлай айни қалады? Қазақ тілі әлемдегі ең бай тіл саналады деп кеудемізді керіп мақтанғанымыз қайда қалады сонда? Ал солай екен, онда неге әлгі дәйексөздер қазақ тілінде алтын талшықтай иіріліп, жан баурап тұрмайды, неге қазақ тіліне аударылмайды? Мұндай өрескел жағдайлардың әсіресе, басылым беттерінде жиі кезде­сетіні өкінішті. Олай болса бірте-бірте Чер­чилльді, Конфуцийді, Гетені ағыл­шынша, қытайша, немісше аудармай беруге көшетін боламыз. Мысалы, Абай­дың қанатты сөздерін дәйексөз ре­тінде өз тілдеріне аудармай қазақша бе­ріп жатқан өзге халықты көрдіңіздер ме? Егер оларда да дәйексөз жайы солай қа­­лыптасса, әлемдік үрдістің ешкімге жат­тығы жоққа балап қоя салар едік-а­у. Бірақ әттең, олай емес. Қазақша жа­зыл­ған туындыны қазақтың өзінен басқа ешкім оқымайтынын ескер­сек, бұл да тілдік қорымызды шұбар­ландырып, бұзуға жасалған әрекет демеске лажың жоқ. Екінші бір бөлісейін деген ойы­мыз, мәдениет пен өнер саласына қатысты атаулардың ала-құлалығы туралы. Өз сөздік қорымыздан дәл сондай атау табуға болатынына шүбә келтіріп, жаңа сөз жасауды артық іс деп есептейтінімізді мұндағы көптеген термин сөздерден аңғаруға болады. Қаншама рет мәселе етіп көтергенмен, термин сөздер аудармасы «баяғы жартас, сол жартас» күйінде жалғасуда. Кейде осынау маңызды іс кімге, қай ұйымға, қайсы мекемеге бекітілгенін білмей дал болатынымыз рас. «Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар?» деп әркімге бір сеніп жүргенде төрімізді көптеген бейтаныс сөздер жайлап алды. Осы бағытпен алға баса берсек, түбіміз – тұңғиық. Мәселен, бірізділіктің жоқтығынан бір басылымда «репитиция» деп жазылса, екіншісінде мұны «дайындық» дейді. Сол сияқты тіпті кей жағдайда бір атауды екі түрлі жазғандарына қарамастан, одан нақты нәтиже шығаруға ұмтылыс байқалмайды. Сөзіміз босқа кетпес үшін, «әртіс», «артист» сөздерін алайық. «Қазақстанның халық әртісі», «КСРО-ның халық әртісі» деп мұны қазақы тілдік табиғатымызға сәйкес көптен бері қолданып жүрміз. Дұрыс-ақ. Ал бірақ онда «артисті» неге жайына қалдырмаймыз? Не әртіс, не артист. Екеуінің біреуін ғана таңдау керек емес пе? Әлбетте, әдебиет пен өнерде проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер тәрізді ежелден қазақы ұғыммен біте-қайнасып кеткен термин сөздерге қояр кінә да, тағар мін де жоқ. Бірақ, мұнан кейін де бөгде сөздер нөпірі қаптаған үстіне қаптауда ғой. Суфлер, грим, афиша, бенефис, саундтрек, триллер, трейлер, продюсер, кастинг, креатив, клип, маэстро ди капелла, архив, диапазон, интерпретация, инсценировка, экшн, анонс ... т.с.с. осылай жалғаса береді. Бұларды қалай қолдану керек? Бұл ретте өнер тілін қазақыландыру ісінің жүйелі түрде жүргізілмей, оларды төл тілімізде толыққанды сөйлете алмай отырғанымыз қынжылтпай қоймайды. Кез келген ел терминдерді өз мүддесі үшін аударады. Бірақ бұл істің кәсіби тұрғыдан қолға алынбай ырқына жіберілуі, жүйесіздік пен ретсіздіктің жайлауы, аудармадағы көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра, кірме сөздердің үстемдік құруы тоқтамай тұр. Міне, ортаға салмақ ойымыз осы-тын.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу