«Айқын» тоғызқұмалақтан турнир өткізді

«Алматы Арена» спорт кешенінде журналистер арасында тоғызқұмалақтан Aikyn Media Open турнирі өтті. Бұл шара «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 13 жылдық мерейтойына орай өткізілген кезекті шара. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін редакция ұжымы шахмат шеберін анықтайтын дүбірлі дода ұйымдастырған еді.
Егемен Қазақстан
18.05.2017 4623
2

Тоғызқұмалақ турниріне Алматы қаласының журналистерінен бөлек, Астана, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысының өкілдері қатысты. Жалпы саны 10 жұп – 20 журналист бақ сынады. Ойынға тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас бапкері Айнұр Жақапбаева мен бірінші дәрежелі төреші Азамат Қалдыбаев төрелік етті.

Нұртөре ЖҮСІП,

«Айқын» газетінің бас редакторы:

–Бүгінгі өткізіліп жатқан турнир Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен орайлас келеді ғой деп ойлаймын. Өйткені ұлтымыздың барлық асыл қасиетін кейінгі жас ұрпақ бойына сіңіруі қажет. Тоғызқұмалақты ақпарат майданының алдыңғы шебінде жүрген журналистер ойнаса, «ақылына-ақыл, нақылына нақыл қосылмай ма?» деген ой бар. Сондықтан осы турнирді өткізуге ниет етіп, алғаш рет бастап отырмыз. Турнирдің сәтті өтуі әріптестеріміздің белсене қатысуына байланысты. Журналистер олжалы болып, оза шауып жатса – бәрімізге де қуаныш. Жарыстың сәтті өтуіне Халықаралық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменова мырза тілектестігін білдіріп отыр. Тоғызқұмалақ әлем халқы ойнайтындай етіп, компъютерлік жүйеге енгізілді. Бұл қазақтың ұлттық ойынының мерейлі биікке көтерілгені. Мұны бәріміз де қуана қолдауымыз қажет. Сондай-ақ, «Қазақтың ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» президенті Бекболат Тілеухан мырза да ұлттық ойын түрлерін дамытуға белсене атсалысып жүргенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Бұл жолы да қауымдастық журналистер арасында өтіп жатқан сайысқа демеушілік жасап отыр. Сондықтан жүлде қоры қомақты. Алматы қаласының әкімдігі де жарысымызға қолдау білдірді. Тек ақылмен, оймен, қисынмен, тоғызқұмалақтың тартысты өтуіне атсалысуымыз қажет.

Үздік шыққандар мен ойын барысында жақсы нәтиже көрсеткендерге демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, «Айқынның» ынталандыру сыйлығына Гүлмира Аймағанбет («Астана ақшамы» газеті), Өмірбек Сансызбаев (massaget.kz) және Асхат Шотаев (ОҚО, блогер) ие болды. «Қамшы» ақпараттық порталының тілшісі Алина Болатбек «Үздік ойыншы» атанса, ҚазАСТ баспасөз хатшысы Бану Нүсіповаға демеушілердің арнайы сыйлығы табыс етілді. Жүлделі үшінші орынды «Үркер» журналының тілшісі Нұрлан Құмар, екінші орынды блогер Бақытжан Қаділбек иеленді. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков жүзден жүйрік шығып, бас бәйгені жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге ақшалай сыйлық, бас жүлде иегеріне Түркияның Анталиясына екі адамға ұшақ билеті табысталды.

«Айқын» газеті мүшел жасына орай «13 жылдыққа – 13 шара» атты бастама көтерген болатын. Осыған дейін түрлі турнирлер, кездесулер өткізілді. Алда әлі алты шара бар. Әр жарыстан кейін қатысушылар «Айқын енді қандай турнир ұйымдастырар екен?» деген оймен тарқасады. Қазақтың ескі салты – мүшел тойын отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлап өткеретін газет ұжымының айтуынша, бәсекеге толы бәйгелер енді басталады. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу